Кафедра «5В070800 – Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша мұнайгаз өндірісі саласындағы мамандарды дайындайды.

5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бітірушілерге техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, кейінгі еңбеккке тартумен және кәсіптік қызметтердің келесі түрлерін орындаумен: өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқару, жобалық-құрылым, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-компьютерлік.

5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызметіне жататын объектілері:

- кез келген меншік түріндегі мұнайгаз кешендері («КазТрансОйл» АҚ ШФ, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС және т.б.);

- мұнай мен газды сақтау және тасымалдау нысандарын пайдалану, қайта жабдықтау және зерттеу мен жобалау саласы кіретін мекемелер және мұнайды өңдеу өндіріс орындары, салалық ғылыми зерттеу және жобалау институттары, орта кәсіптік және жоғарғы оқу орындары;

- құрлықта және теңізде мұнай, газ ұңғыларын бұрғылау техникалық қондырғылары мен құрылғылары;

- құрлықта және теңізде мұнай, газ және газконденсат кен орындары;

- магистральды құбыртасымалдағыштар, мұнайбазалары мен газқоймалар.

 

5В070800 «Мұнайгаз ісі»

Мамандыққа мінездеме

Осы мамандықты тәмәмдаған түлектерінің кәсіптік қызметтік объектілері:

- магистральдық, өндірістік және технологиялық құбырлар;

- сораптық және компрессорлық мұнай-газ қотару станцияларын және кәсіптік жабдықтарды, мұнай базаларын және газ қоймаларын, магистральдық мұнай өткізгіштерді және газ торларын жобалау институттары;

- тазалауыш құрылымдар;

- резервуарлық парктерді, мұнай-газ құбырларды және тасымалдауыш жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету;

- жылугаздинамикалық техникалық жиынтықтардың диагностикасы;

- мұнай-газ жиынтықтарының объектілерін сертификаттау және техникалық бақылау.

Оқу үрдісі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- газмұнайөткізгіштерді және газмұнайқоймаларын жобалау және пайдалану;

- көлік жүйелерін және мұнай-газды сақтау, техникалық басқару;

- газөткізгіштерін жобалау және пайдалану;

- газқоймаларын және газүлестіруші желілерді жобалау және пайдалану;

- сорап және компрессорлық ыстанцаларды жобалау және пайдалану;

- газ желілер және қоймалар;

- газмұнайөткізгіштерге арналған машиналар мен құралдар;

- мұнай мен газды тасымалдау технологиясы;

- мұнайгазөткізгіштерге және мұнайгазқоймаларына техникалық қызмет көрсету.

5В070800 «Мұнайгаз ісі»

Оқу мерзімі:

Комплексті тесттілеу немесе БҰТ нәтижесі бойынша жалпы орта білім беру мектептерінің бітірушілері.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл

Орта кәсіптік білім беруші оқу орындарының (колледж) бітірушілері.

Оқу мерзімі: сырттай – 3 жыл.

Жоғарғы оқу орындарының бітірушілері.

Оқу мерзімі: сырттай – 2 жыл.

Оқыту тілі: қазақша, орысша.