Кафедра жетістіктері

Т.ғ.д., профессор А.Н. Нұржауов Халықаралық ақпараттандыру академиясының (АХАҒ) академигі ғылыми атағына ие болды.

«Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, т.ғ.к., Т.Т. Тоқтағанов пен «Көліктік техника және логистика» кафедрасының доценті К.К. Абишев Машина жасау және Көлік Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі ғылыми атағына ие болды.

Т.ғ.д., ҚР және РФ профессоры Қарақаев А.Қ. республикалық «Шапағат» өнертапқыштар сайысының, облыстық жетістіктерінің ішінде «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы бойынша, ПМУ инновациялық патентері мен ойлап табу патенттерінің біршама көп мөлшерде болғаны үшін жеңіске жетті.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша МТТ-22н тобының Токанов Мейрам және Рук Владимир (Рига, Латвия) жіберілді.

Халықаралық байланыс шеңберінде мамандарды дайындауда студенттер тәжірибеден өту үшін шет елге, сонымен қатар жұмыс іс-сапарларына жіберіледі.

«Көліктік техника және логистика» кафедрасының меңгерушісі Абишев К.К. және аға оқытушысы Мұқанов Р.Б. 2013 жылдың қыркүйегінде Чех техникалық университетіне (Прага қ.) бірлескен ғылыми зерттеу және көліктік логистика бойынша магистрлерді қос дипломдық бағдарламамен дайындау мәселелері бойынша іс-сапарға барып келді.

Павлодар қаласының жастарға қызмет көрсету орталығында, ғылым департаменті және ЖОО инновациясының қолдауымен, конструкторлық бюроның облыстық сайысына әрдайым С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері белсене ат салысады.

Сайыстың қорытындысы бойынша, біздің студенттер, магистранттар келесі жүлделі орындарды иеленді: машина жасау, көлік және металлургия факультетінің КТ-401 тобының студенті Абишев Ораз-Хамит «SKODA Oktavia автомобилі базасында буданды ауырлық орнатуымен автомобиль жасау» жобасымен жүлделі 2 орынды иеленді, ғылыми жетекшісі – көліктік техника және логистика кафедрасының аға оқытушысы Мұқанов Руслан Батырбекұлы.

Шетел ғалымдарын жұмылдыру бағытындағы университет бағдарламасы бойынша т.ғ.д., профессор Вуйцик Вальдемар (Люблин политехникалық университеті, Люблин қ., Польша); техника ғылымдарының докторы, профессор, көліктік логистика кафедрасының меңгерушісі Петр Бухнер (Чех техникалық университеті); профессор Тончо Койнов Химия-технологиялық және металлургиялық университеті (София қ., Болгария) факультет студенттеріне дәріс берді.

С.Торайғыров ат. ПМУ студенттері 2014 жылдың 21-23 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен ЕNACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және бизнес жобалардың ұлттық байқауында жүлделі орыннан көрінді.

ENACTUS – бұл студенттердің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелердің шешіміне бағытталған кәсіпкерлік жобалардың халықаралық бағдарламасы. Мұнымен қоса, бұл байқау белсенді студенттер мен іскер көшбасшыларды бір арнаға тоғыстыруға сеп болады. Бұл бағдарламаға әлемнің 39 мемлекеті атсалысып, кәсіпкерлер, демеушілер мен меценаттар қатысады.

«ENACTUS PSU» тобының негізгі құрамы «Көліктік техника және логистика» кафедрасының студенттері және магистранттары.

Топ жетекшісі Қасымова Бақтыгүл – 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының студенті.

Топтың эдвайзері «Көліктік техника және логистика» кафедрасының аға оқытушысы – Мұқанов Руслан Батырбекұлы.

Павлодар мемлекеттік университетінің «Enactus PSU» тобы «Еnactus National Expo 2014» ұлттық сайысында 3 орынға ие болды.