Аты-жөні: Итыбаева Ғалия Түлеубайқызы

Қызметі: қауымд. профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: 1984 ж. Еңбек Кызыл Ту орденді Карағанды политехникалық институтын, машина жасау мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2010 ж. 05.03.01- Механикалық және физико-техникалық өндеу құрал-жабдықтары мен технологиясы мамандығы бойынша кандидатық диссертация қорғады (диплом FK № 0006639, 31.03.2011ж.). 2011 ж. қаңтарынан бастап (ПМУ Ғылыми Қеңес отырысының №7 хаттамасы) - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті

Оқытатын пәндері: Машина шығару технологиясы, Конструкциялық материалдар және термоөңдеу, Конструкциялық материалдар технологиялары мен термоөндеу, Кәсіби орыс тілі, Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, Машина өндірісі технологияларының қазіргі түрлері, Кәсіби қазақ тілі, Кесу теориясы, Машина жасау технологиясының негіздері, Мамандыққа кіріспе, Машина өндірісі технологияларының қазіргі түрлері, Метал өңдеудің урдістері, Metal working processes.

Еңбек өтілімі: 33 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Өнертабысқа патенттер алынған, мақалалар шығарылған, әдістемелік әзірлемелердің саны – 80. "Тесіктерді өңдеуге арналған прогрессивті құрал" монографиясы шығарылды – Павлодар: Кереку, 2015. – 141б.

Ғылыми зерттеу бағыты: тетікті өңдеу дәлдігін жоғарылату

Кәсіби жетістіктері: Жаратылыстанудың Ресейлiк академиясының профессоры, Альфреда Нобеля атындағы алқа; «Европейское качество» (Gold medal "European Quality") алтын алқасы.

ЖОО Академияық бағыты бойынша бірінші модуль қ.Астана Назарбаев Университеті 30-04 шілде 2015 ж.; екінші модуль Nanyang Technological University 07-11 шілде аралығында 2015 ж. қ. Сингапур. 16.12.2016 ж. "Энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және өнеркәсіптік экология саласындағы үздіксіз кәсіби даму" тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсында ҚР БҒМ алғыс алды, сертификат 06.10.2017 ж.

 
 

АЖТ: Иван Алексеевич Шумейко

Лауазымы: профессор

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ профессоры, доцент

Біліміжоғары, Павлодар индустриалды институты, мамандығы – 0501 – Машинажасау технологиясы, металкескіш станоктар және құрал-саймандар, 1970 ж.

Оқытатын пәндері: Металл кескіш станоктар, Бағдарламаны басқару жүйесі, Металл кескіш құрал-жабдықтардың қазіргі түрлері, Машина жасаудағы сапаны конструкторлық технологиялық қамсыздандыру, Машина жасауды дамытудағы жаңа заманғы аспектілер.

Жұмыс өтілі: 54 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: оқу құралы, мақалалар мен әдістемелік жобалардың саны 70 астам, 3 инновациялық патент. Металл кескіш станоктар: оқу құралы / - Павлодар : Кереку. 2014. - 316 б.; "бағдарламалық басқару жүйесі" пәні бойынша Оқу құралы, 90 б. ПМУ, Павлодар : Кереку. 2015 жыл. - 90 б.; сандық бағдарламалық басқарылатын станоктарға арналған басқару бағдарламаларын әзірлеу: Оқу-әдістемелік құрал – Павлодар: Кереку, 2016. – 138 б.

Ғылыми зерттеу саласы: «Альтернативті энергия қайнар көзі» ғылыми бағыттың жетекшісі

Кәсіби жетістіктері:

1) «Еңбек ардагері» медалімен 17.04.1987 ж. халық депутаттарының Павлодар облысы кеңесінің орындау комитетінің шешімімен КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы атына Айбынды ұзақ уақытты еңбегі үшін куәлік.

2) «Қазақстан Республикасы білім беруінің құрметті жұмыскері», куәлік №01065, 2006ж. 26 қыркүйек. С. Торайғыров атындағы ПМУ марапаттары

3) С. Торайғыров ат. ПМУ Оқу кеңесінің шешімімен 27.04.2011 ж. (№12 хаттама) С. Торайғыров ат. ПМУ «ҚҰРМЕТТІ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ» академиялық атағы.

4) 28.08.2010 ж. «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Алтын медалі».

5 ) т.ғ.к., профессор Шумейко И.А. 01.06.2013 ж. Университет күнін тойлау күнінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің дамуына үлес қосқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды

6) 29.05.2014 ж. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ҚР БҒМ төс белгсі

Аты-жөні: Денчик Александр Иванович

Қызметі: профессор

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: доцент, ПМУ профессоры

Білімі: 1977 жылы Павлодар индустриялық институтты «0501 - Машинажасау технологиясы, металл кескіш станоктар және құралдар» мамандығы бойынша бітірді. 1979-1981 жж.- «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ-да тәжірибеден өтті. Аспирантураны 1985 ж. аяқтағаннан соң техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәреже алу үшін диссертацияны Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ-да 05.02.08 – Машина жасау технологиясы мамандығы бойынша қорғады. 06.12.2010 ж. бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ Оқу Кеңесінің шешімімен С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры академиялық атағы берілді

Оқытатын пәндері: Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, Дайындамаларды жобалау және жасау, Конструкциялық материалдар және термоөңдеу. Жаңашылдық және ғылыми-зерттеу қызметтерін жоспарлау, ұйымдастыру.

Еңбек өтілімі: 39 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Өнертабысқа патенттер алынған, мақалалар шығарылған, әдістемелік әзірлемелердің саны 40.

Ғылыми зерттеу бағыты: машина жасау

Кәсіби жетістіктері:

ҚР БҒМ алғысы, тамыз 2017.

Өндірістік тәжірибе ЖШС «Полимер» өнеркәсібінде өндірістік тәжірибе 85сағ. көлемінде

 

Т.А.Ә.: Деревягин Сергей Иванович

Лауазымы: қауымд. профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техникалық ғылымдар кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: доцент

Білімі: жоғары, 1978 жылы Павлодар индустриалды институтының маханика – техникалық факультетін бітірді, 

1989 жылы 05.02.08 – Машинажасау технологиясы мамандығы бойынша Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары Техникалық Училищесінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

Оқытатын пәндері: Машина жасау технологиясының негіздері, Машина шығару технологиясы, Машина жасау технологиясы, Қатты дененің деформациялануын есептеу механикасы, Мамандыққа кіріспе, Машина жасаудағы сапаны конструкторлық технологиялық қамсыздандыру, Металл кескіш құрал-жабдықтардың қазіргі түрлері.

Жұмыс өтілімі: 40 жыл. 1999 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар университетінің "Информатика және есептеу техникасы" кафедрасының меңгерушісі; 2011 жылдан 2012 жылға дейін с. Торайғыров атындағы ПМУ "Өндірістік процестерді автоматтандыру" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ғылыми еңбектер тізімі: 45-тен аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде: орталық баспаларды 20-дан астам мақалалар, КСРО өнертабысының 1 авторлық қуәлігі, 10 ғылыми кітап, 10-нан аса ғылыми – әдістемелік жұмыс.

Ғылыми зерттеу бағыты: Машина жасау. Қазақстан Республикасының индустриалды өндірістерін ұйымдастыруының ғылыми – зерттеулік тақырыптарының бірлесіп орындаушысы болып табылады. 

Кәсіби жетістіктері: Павлодар индустриялдық институтының «Өндірістік IT мамандарды қайта даярлау орталығы сертификаттарының иемденушісі: Microsoft Certified Technical Education; IT Service Management Professional. ҮИИД МБ-2 жүзеге асыру аясында өткізілетін іс-шаралар " New Metallurgic Technologies in the German Steel Industry», бойынша 2016 ж. 02.02. - 19.02. аралығында (80 сағат көлемі) семинар.

 

Аты-жөні: Қасенов Асылбек Жұмабекұлы

Қызметі: қауымд. профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: 2002 ж. – 2501 «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетті бітірді. 2010 жылы, тамыз айында 05.03.01- Механикалық және физико-техникалық өндеу құрал-жабдықтары мен технологиясы мамандығы бойынша техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертация қорғады (Алматы қ.).

2011 жыл, қантар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті ( ПМУ Ғылыми Кенес отырысының №7 хаттамасы).

Оқытатын пәндері: Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары, Металл кескіш станоктар, Сынаудан өткізу, өнім қауыпсіздігі мен бақылау, Технологиялық құрал-сайманды жобалау, Өзара алмасымдылық негіздері, Өлшемдердің жалпы теориясы, Өндірістерді метрологиялық қамтамасыз ету, Сапа менеджментінің біріктірілген жүйелері, Машина жасаудағы квалиметрия, Сертификаттау органдары мен сынау орталықтарын тіркеу, Мұнайгаз саласын метрологиялық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және метрология.

Еңбек өтілімі: 16 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Өнертабысқа патенттер алынған, мақалалар шығарылған, әдістемелік әзірлемелердің саны 50. "Дәл тесіктерді өңдеу тиімділігін арттыру» монографиясы шығарылған – Павлодар : Кереку, 2015. – 138б.

Ғылыми зерттеу бағыты: кесу арқылы металды өңдеу және металл кескіш аспаптарды жобалау

Кәсіби жетістіктері: ректодың алғыс хаты, ҚР БҒМ құрмет грамотасы

2015 жылдың 5-9 маусым аралығында Назарбаев Университетінің жоғары мектебінде «Подготовки и повышения квалификации руководителей высших учебных заведений Республики Казахстан» бағдарламасы бойынша Индустриалды-инновациялық даму Мемлекттік бағдарламасын іске асыру аясында оқудан өтті.

Жоғары білім көсбасшысы Евразиялық Форумына қатысты (Астана, 10-12 маусым 2015ж.).

2015 жылдың 13-21 маусым аралығында біліктілікті жоғарлату курсын Лондон қаласында өтті (Ұлыбритания).

"Энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және өнеркәсіптік экология саласындағы үздіксіз кәсіби даму" тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстары, 06.10.2017 ж. сертификат.

Талантты жас ғалымдар арасында Мемлекеттік ғылыми стипендияға ие. 30.11.2016ж.

 

Аты-жөні: Мусина Жанара Керейовна

Қызметі: қауымд. профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: 1998 – жылы «метал кескіш білдектер мен құралжабдықтар» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университін оқып бітірді. ЖООда білім алған уақытта ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға және университет өміріне белсенді қатысты. 2010 жылы, тамыз айында 05.03.01- Механикалық және физико-техникалық өндеу құрал-жабдықтары мен технологиясы мамандығы бойынша техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертация қорғады (Алматы қ.).

2011 жыл, қантар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті ( ПМУ Ғылыми Кенес отырысының №7 хаттамасы)

Оқытатын пәндері: Кесу теориясы, Металл кескіш аспаптарды жобалау және жасау, Металл кескіш аспаптарды жобалау және жасау, Квалиметрия, Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер, Өзара алмасымдылық, стандарттау және технологиялық өлшемдер, Өнімдер мен процестер сапаларын басқаруды бақылаудың статистикалық әдістер, Кескіш аспаптардың қазіргі түрлері, Машинажасаудағы стандарттау, Теория резания, Халықаралық стандарттау және сертификаттау, Стандарттау, метрология және сертификаттау.

Еңбек өтілімі: 17 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Өнертабысқа патенттер алынған, мақалалар шығарылған, әдістемелік әзірлемелердің саны 100 астам. «Осьтік құралдың конструктивтік ерекшеліктерінің тесіктерді өңдеу дәлдігіне әсері» – атты монография шығарылды-Павлодар : Кереку, 2016. – 155 б.

Ғылыми зерттеу бағыты: кесу арқылы металды өңдеу және металл кескіш аспаптарды жобалау

Кәсіби жетістіктері: Ректодың алғыс хаты; Жаратылыстанудың Ресейлiк академиясының профессоры, Альфреда Нобеля атындағы алқа; «Европейское качество» (Gold medal "European Quality") алтын алқасы. ҚР БҒМ грамотасы, 15.12.2015 ж. 30.08.2017ж Павлодар облысының құрмет грамотасы, ағылшын тілін курстары Elementary сертификаты, қаңтар 2017. "Энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және өнеркәсіптік экология саласындағы үздіксіз кәсіби даму" тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстары, 06.10.2017 ж. сертификат

 

Аты-жөні: Қаржубаева Райса Оразалықызы

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми, академиялық дәрежесі: -

Ғылыми, академиялық атағы: -

Білімі: Павлодар индустриалды институтын 1971 ж. Машина жасау технологиясы, металл кескіш станоктар және құралдар мамандығы бойынша аяқтады

Оқытатын пәндері: Машина шығару технологиясы, Өндірістік технологиялық дайындау, Бағдарламалы басқару жүйесі, Дайындамаларды жобалау және жасау.

Еңбек өтілімі: 45 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Мақалар, әдістемелік әзірлемелер саны 20

Ғылыми зерттеу бағыты: мамандық бойынша пәндерді оқыту кезіндегі тәрбие жұмыстары

Кәсіби жетістіктері: 2005 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды; 2010 ж. тамыз айында белсенді ғылыми және қоғамдық қызмет, жоғары кәсіптілік үшін және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 50-жылдық мерейтойына байланысты алғыс хатпен марапатталды. 2017 ж. - Павлодар облысы әкімі Б.Бакауовтың Алғыс хаты.

 

Аты-жөні: Маркова Светлана Юрьевна

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми, академиялық дәрежесі: -

Ғылыми, академиялық атағы: -

Білімі: 1984 ж. Омбы политехникалық институтты «Аспап жасау және метрология» мамандығы бойынша аяқтады. 2004 ж. қыркүйек айында аға оқытушы лауазымына ауыстырылды. Дәрістік жұмыс істеу тәжірибесі бар. «» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізілуде, жетекшісі Глухов В:И., Омбы мемлекеттік техникалық университеті

Оқытатын пәндері: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер, Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары, Машина жасаудағы стандарттау, Сапа менеджменті жүйелері, Стандарттау және сертификаттау, Өзара алмасымдылық негіздері, Өлшемдердің жалпы теориясы, Сапа жүйелері және технологиялық процестерді басқару, Халықаралық стандарттау және сертификаттау, Квалиметрия, Мұнай-газ саласындағы метрологиялық қамтамасыз ету, Стандарттар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу технологиясы, Өнім сапасы және квалиметрия.

Еңбек өтілімі: 27 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: Мақалар, әдістемелік әзірлемелер саны - 30. Халықаралық конференциялар жинақтарында 30 ғылыми жарияланымдары бар. "Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету" оқу-әдістемелік құралы, ПМУ, Павлодар : Кереку. 2016. – 100 б.

Ғылыми зерттеу бағыты: Мұнай өңдейтiн өнiмнiң зиянды заттарын бақылауға арналған құралдар және әдiстер мұнай өндіру зауыттарында. «Ғылыми-техникалық  Машинажасау өнімінің бақылау, дайындаманы әзірлеу» ғылыми біріккен жұмыс 

Кәсіби жетістіктері: - «Стандарттау және сертификаттау» VII халықаралық студенттік олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хат. Павлодар облысының әкімі Б.Бакауовтан алғыс хат:осы аймақтың әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін. Сәтпаев, Торайғыров оқуларына қатысқаны үшін алғыс хаттар. Халықаралық конференцияларға қатысқаны үшін алғыс хаттар.

Сертификат «менеджменттің жалпы сапасы мен экологиялық менеджментіне жалпы сұраныстар бойынша ҚР СТ ISO 9001-2016 және ҚР СТ ISO 14001-2016» . «Менеджменттің ішкі аудит жүйесі ГОСТ ISO 9011-2013», маусым 2017ж. "Энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және өнеркәсіптік экология саласындағы үздіксіз кәсіби даму" тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстары, 06.10.2017 ж. сертификат.

 

Аты-жөні: Евтушенко Татьяна Леонидовна

Қызметі: оқытушы (ассистент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: магистр

Білімі: 2016 г. - 5В071200 - Машина жасау мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ бітірді; 2016 - 2018 гг. - 6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша магистратура бітірді.

Оқытатын пәндері: Мамандыққа кіріспе, Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйелері, Өнім сапасы және квалиметрия, Квалиметрия, Конструкциялық материалдар және термоөңдеу, Мұнай-газ саласындағы метрологиялық қамтамасыз ету, Өзара алмастыру негіздері, Металл кескіш құралдарды жобалау және өндіру, Технологиялық жабдықтарды жобалау, Сапа жүйесі және технологиялық процестерді басқару, Сапа менеджменті жүйесі, Машина жасаудағы стандарттау, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу, Өнім мен процестердің сапасын басқарудың статистикалық әдістері, Конструкциялық материалдар технологиясы және термоөңдеу, Өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары, Сынау, бақылау және өнімнің қауіпсіздігі, Кәсіби бағытталған шетел тілі( ағылшын тілі), Өзара алмасу, Стандарттау және техникалық өлшемдер, Металл кесетін станоктар, Металл өңдеу процестері, Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы және ұйымдастырылуы, Машина жасауды дамытудың қазіргі заманғы аспектілері,Technical and software of metrological support, Metal working processes.

Еңбек өтілімі: 1 жыл, 2016 ж. - "Павлодар металлоконструкция зауыты - Имсталькон" ЖШС 3 разрядты техник лауазымында; 2016-2017ж. «Машин жасау және стандартизация» кафедрасында инженер.

Ғылыми еңбектер тізімі: 5 - мақала, халықаралық конференцияларға қатысқаны үшін алғыс хаттар шығарылды. «Цилиндрлік тісті доңғалақтардың эвольвентті профилін элементтік бақылау» : техникалық мамандықтағы білім алушыларға арналған зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (жоғары оқу орны ішінде пайдалану үшін). Павлодар : Кереку, 2018. – 22 б.

 

Аты-жөні: Кенжебекова Анар Ерболатовна

Қызметі: оқытушы (ассистент)

Ғылыми, академиялық дәрежесі: магистр

Білімі: 2011 г. - 5В071200 - Машина жасау мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ бітірді; 2016 - 2018 гг. - 6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша магистратура бітірді.

Оқытатын пәндері: Мамандыққа кіріспе; Машина жасаудағы квалиметрия; Машина өндірісі технологияларының қазіргі түрлері; Мұнайгаз саласын метрологиялық қамтамасыз ету; Өзара алмасымдылық негіздері; Өлшемдердің жалпы теориясы; Өнім сапасы және квалиметрия; Кескіш аспаптардың қазіргі түрлер; Технологиялық жабдықтарды жобалау; Машина жасау технологиясы; Кәсіби-бағытталған шетел тілі (ағылшын тілі); Современные аспекты развития метрологии; Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері; Металл кескіш аспаптарды жобалау және жасау; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер; Сапа менеджментінің біріктірілген жүйелері.

Еңбек өтілімі: 2 жыл, 2011 ж. - "Богатырь Көмір" ЖШС-де 5-разрядты бақылаушы лауазымында; 2013-2016 ж. ж. "Машина жасау және стандарттау" кафедрасының инженері.

Ғылыми еңбектер тізімі: 2 - мақала, халықаралық конференцияларға қатысқаны үшін алғыс хаттар шығарылды. «Сандық бағдарламамен басқарылатын білдектер үшін басқару бағдарламасын жасау оқу-әдістемелік құралы» бірлескен авторлықта шығарылды; техникалық мамандықтағы білім алушыларға арналған тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар. Павлодар : Кереку, 2018. – 80 б.