Кафедраның құрылы тарихи

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі химиялық технологиялар кафедрасы 1996-1997 оқу жылында «Химия» кафедрасының базасында құрылды. Бұл 1993-1994 оқу жылында университет алғаш төмендегідей мамандықтарға студенттерді қабылдауымен байланысты болды: 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және 5В060600 - «Химия» және 1997 жылдан бастап кафедра осы мамандықтар бойынша жүргізілетін пәндердің барлығын сапалы түрде беруді қамтамасыз етті. Университет басшылығы осы мамандықтарды ашуды өзекті деп санады, себебі Павлодар қаласында үш үлкен химиялық өнеркәсіп жұмыс істейді. Олар: ААҚ «Павлодархимиялық зауыты», АҚ «Павлодар мұнай химиялық зауыты» және АҚ «Алюминий Қазақстан», сондай – ақ Ақсу темірқорытпа зауыты, аудандағы энергетикалық өнеркәсіптердің химиялық цехтары және химиялық технологияны қолданатын басқа фирмалар қатары.

Химия және химиялық технололгиялар кафедрасы химик-технологтардың 20 рет түлегін шығарды және олар аудандағы химиялық өнеркәсіптер үшін таптырмайтын мамандар болып саналады. Қазіргі уақытта БЗХТ, ОЗХТ, Химия мамандықтарының студенттер мен магистранттар саны 200-ге жуық адамды құрайды.

Қазіргі уақытта химия және химиялық технологиялар кафедрасы оқу үрдісіне ғылыми және өндірістік іс әрекетте жоғары деңгейде мамандандырылған оқытушы – профессорлар құрамын тартуда.

Кафедра бакалавриаттың және магистратураның келесі мамандықтары бойынша:

Бакалавриат:

5В072100 / 6В07108 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;

5В072000 / 6В07107 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»;

5В060600 / 6В05302 – «Химия» шығарушы.

5В072100 / 6В07109 – «Oil and Gas Refining»

Магистратура:

6М072100 / 7M07109 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;

6М072000 / 7M07108 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»;

6М060600 / 7M05302 – «Химия» шығарушы.

Кафедра университеттің бас ғимаратында орналасқан, мекен-жайы: Павлодар қ., Ломов көшесі 64, 511 кабинет. Кафедра құрамында 7 лаборатория бар: А - 502 мұнайхимия және зерттеудің физика-химиялық әдістері, А - 503 жалпы химия, А-504 органикалық химия, А-505 жалпы химия, А-539 талдаудың физика-химиялық әдістері, А – 518 органикалық химия, А-541 химиялық технология зертханасы. Кафедраның байланыс телефоны: 67-36-51, ішкі 1173.

  

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Елубай Мадениет Азаматұлы

Лауазымы: кафедра меңгерушісі 

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Химия ғылымдарының кандидаты 02.00.15 - Катализ

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті, қауымдастырылған профессор (доцент)

Білімі: Жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Органикалық заттардың және материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы, 2006 ж.

Оқытатын пәндері: Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, Химиялық кәсіпорындардың жабдықтауы және материалтану, Мұнай және газды өңдеудің химиясы және технологиясы, Органикалық синтез, Мұнай, газ және полимерлерді өндеудің процестері, Мұнайгазды өңдеудің  машиналары мен аппараттары, «Petroleum Chemistry», «Oil Processing and Petrochemistry Innovation Technologies», Fundamentals of Engineering Design», «Petroleum Chemistry», Жобаларды басқару

Жұмыс өтілі: 13 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 35-тен астам ғылыми еңбектері, соның ішінде:

1. Yelubay M., Massakbayeva S. Equipment of Chemical Industry and Engineering Structural Material. Almaty: 2016. 304p. (Textbook). ISBN 978-601-7427-73-3;

2. Yelubay.M.A. Vyacheslav À. Chuzlov, Galina Y. Nazarova and etc Reduction of the quality reserve withw the use of predictive models in the motor fuel production. ISSN 1337-7027, Petroleum and Coal, 2018, 60(3), pp. 422-428 (Scopus).

Ғылыми зерттеу саласы: Катализ, мұнай химиясы.

Кәсіби жетістіктері: Кандидаттық диссертацияны қорғады, 2010  ж. «ҚазМұнайГаз МК» АҚ «Мұнай мен Газды өңдеу» бизнес-жобалау бойынша Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің «Алғыс хаты», 2018ж.

 

Біздің мекен-жайымыз: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64, каб. 511

Тел. 8(7182) 673651, ішкі 1173

Әлеуметтік желілердегі кафедра парақшалары: https://www.instagram.com/psu_hiht

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі-Жұма: 10.00 – 13.00 сағ.

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Оқу-зертханалық база

Профессор-оқытушылар құрамы

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының жетістіктері

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмысы

Үздік түлектері

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар