Кафедраның жетістіктері

2014 жылдың 03-04 қыркүйегінің аралығында Алматы қаласында (КазГАСА) сәулет-құрылыс корпорациясы ұйымдастырған, сәулет-құрылыс және дизайнер мамандықтарына арналған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оқу-Әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті. Бұл бағдарламаға сәйкес өткізілген мәжілісте ,Қазақстан Республикасының дара кодына байланысты СН, РК, ЕN нормативтік базаны қолдану туралы маңызды сұрақтар, және де, өнер және құрылыс мамандықтарына арналған ,интернет емтиханы бойынша тест сұрақтары базасының құрастырылуы қарастырылды.

Бағдарлама бойынша жыл сайын дәстүрлі дипломдық жобаның конкурсы өтті, бұл көрме аясында Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан дарынды студенттер жиналды.

Сондай-ақ, С. Торайғыров атындағы ПМУ сәулет-құрылыс факультеттің дипломшылардың жыл сайынғы қатысуынан алатын жүлделері де дәстүрлі болып кеткен, және тек республикалық деңгейде ғана емес

Ұйымдастырушылары КазГАСА, Түркі әлемінің Инженерлер және сәулетшілер одағы, ТЮРКСОЙ, Н. Исанов атындағы Құрылыс, Көлік және Сәулет Қырғыз мемлекеттік университеті, Б. Ельцин атындағы Қырғыз -россиялық славян университеті болатын, 2014 жылдың 05-06 қыркүйегінде Ыстық-Көлде өткен IV Еуразиялық сәулет-құрылыс және дизайн мектебінің халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге Италия, Голландия, ОАЭ, Россия, Корея және тағы да басқа 20 алыс және жақын жатқан шетелден, 42 университет қатысты.

Республикалық және халықаралық конкурстарға қатысқан біздің студенттеріміз,құнды тәжірибе алды, ең бастысы жаңа идеялар үшін жаңа шабыт тапты.

Сәулет-құрылыс факультетінің “дизайн” мамандығын биыл бітірген, Буташева Динараның конкурстағы жобасын ,әділқазылар алқасы ерекше атап өтті.

С. Торайғыров атындағы Павлодардың мемлекеттік университетінің промо-кампаниясының креативті әзірленген дизайны, оған республикалық деңгейдегі 2-ші дәрежелік, және де халықаралық конкурстарда 3-ші дәрежелік жүлделі орын алып берді.

Сәулет-құрылыс факультеттін жаңа табыстарымен құттықтаймыз және келешекте көптеген жеңістер тілейміз!

«Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Ықыласова Майса Қамысбайқызының Омбыдағы дербес көрмесі

2014 жылдың 16 желтоқсанында Қазастанның тәуелсіздігінің 23-жылдық мерекесіне орай Ресейдің Омбы қаласындағы А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханасының көрме залында «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ықыласова Майса Қамысбайқызының «Жібек жолы» атты дербес көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрмеге киізден басылған «Менің Қазақстаным» атты пейзаждар сериясы мен Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған графикалық туындылар қойылды. - Дербес көрменің ашылуына Омбыдағы аймақтық «Мөлдір» Сібір-қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова ұйытқы болды, - дейді Майса Ықыласова. Омбыдағы Көркемөнер институтының директоры, Ресей Суретшілер одағының мүшесі Қайыртай Әмірғазин, суретші Амангелді Шәкенов сынды әріптестері жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстанның Омбы қаласындағы консулдық қызметтегі Қонаев Елдар Асқарұлының қабылдауында болған М.Қ. Ықыласоваға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін алғыс хаты табыс етілді.