Кафедраның құрылу тарихы

«Сәулет және дизайн» кафедрасы 2003 жылы құрылды. 2001 жылдар аралығында бұл мамандықтар бойынша дайындық «Қалалық құрылыс және шаруа» кафедрасында өткізілді, кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор Данилов В.И. болатын «Сәулет және дизайн» кафедрасының алғашқы меңгерушісі ф-м.ғ.к., доцент Украинец В.Н. болатын.

Университетте 5В042000 «Сәулет», 5В042100 «Дизайн» мамандықтары бойынша оқыту 2004 жылы 26 сәуірде АА№0000038 сериялы лицензиясы негізінде оқытылады.

Күндізгі оқу түрі бойынша 050420 – «Сәулет», 5В042100 – «Дизайн», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының оқыту нормативті ұзақтылығы жоғары арнайы білім бағдармаласы бойынша 5 жыл және ҚР білім министрлігінің 2004 ж 07 тамызда №671 сәулетші, дизайнер квалификациясымен берілген кәсіби жоғары білімнің меммлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес іске асырылады.

2008 жылды ПМУ-ның п.ғ.к. доцент Темербаева Ж.А. кафедра меңгерушісі болды.

2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін ПМУ-ның т.ғ.к. доцент Булыга Л.Л. атқарып келеді.

Мамандарды дайындау мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

 

 КАФЕДРА БАСШЫЛЫҒЫ

 

Булыга Леонид Леонидович

Лауазымы: кафедра меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: жоғары, 1984 жыл, Павлодар индустриалды институты, өндірістік және азаматтық құрылыс. Сырттай аспирантура, 1987-1992 жыл, В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институты, т.ғ.к., 05.23.05 «Құрылыс материалдары»

Оқытатын пәндері: Инженерлік қалыптастыру және көлік, Инженерлік инфраструктура, Жұмыстық жоба технологиясы, Диплом алдындағы жоба, Жобалық іс.

Жұмыс өтілі: 40 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі:Жалпы саны – 70.

1. «Су басу аумақтарындағы инженерлі қорғаны» ережелер жиыны.
2. «Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстар» ережелер жиыны.
3. «Сәулет» мамандығы бойынша дипломдық жобалауға арналған әдістемелін нұсқаулар (ЭЕМ арналған бағдарлама)
4. «Дизайн» бойынша дипломдық жобалауға арналған әдістемелік нұсқаулар (ЭЕМ арналған бағдарлама).

Ғылыми зерттеу саласы: құрылыс материалдары, энергоүнемділік, сәулеттік жобалау.

Кәсіби жетістіктері: 2011-2014 жж ҚН ҚЕ құрылыстағы нормативті құжаттарды әзірлеу эксперті 2014 ж. С.Торайғыров атындағы алтын медаль ХИА академигі 2016 ж. бастап ҚР БҒМ ҒК ғылым бойынша эксперті.

 

 Кафедра мекен-жайы

Павлодар қ.Чокина көшесі 139 С. Торайғыров атындғы ПМУ, «Сәулет және дизайн» кафедрасы, Б-114 кабинет.

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрам

Кафедра оқытушыларының сертификаттары

Оқу-зертханалық база

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Үздік түлектері

Кафедраның жетістіктері

Оқу–әдістемелік жұмыс

Тәрбие жұмыстары

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Рейтинг сертификаттары

Аккредитеттеу сертификаты