Осы жылдың 23 қаңтар күні болып өткен «Жастар жылының» ашылуында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға сенім білдіріп, жастарды жан-жақты дамуға шақырды: спорт, өнер, шет елдердің тілін үйрену, бай тарихи мұраны үйрену және ең бастысы, әлемдік деңгейдегі кәсіпқой болуға ұмтылуды насихаттаған болатын.
Қазақстан Президенті өзінің "Мәңгілік Ел" атты халыққа жолдауында: жастарды 2050 – Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға шақырды!! Бұл стратегия – сіздер үшін. Сіздер оны іске асыруға атсалысыңыздар, әркім өз үлесін қоссын. Ел тағдырын өз халқыңызбен бірге құрыңыз - деді.
Елбасымыз жастардың дамуына үлкен үлесін қосуда. Оның бірден бір дәлелі 2014 жылы Елбасымыздың тапсырмасымен бастау алған «Мәгілік ел жастары-индустрияға» мемлекеттік бағдарламасының «Серпін» индустриалды-иновациялық жобасы болып табылады.
«Серпін» индустриалды-иновациялық жобасы мамандарды даярлап, жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастырады және мамандықтар бойынша оқуға тартады. Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттырып, жастардың жұмысшы мамандықтар алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Үшіншіден, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешеді.
Осы бағдарламаға сүйене отырып, қазіргі уақытта С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Агротехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында 5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша студенттер білім алу үстінде. Университет өз тарапынан жастарға мемлекеттік грант пен тегін жатақхана ұсынып отыр. Сонымен қатар дипломдарын алғаннан кейін жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
«Серпін» индустриалды-инновациялық жобасы бойынша оқып жатқан студенттердің алдыңғы буыны осы 2019 жылы диплом алмақ. Ал, қазіргі уақытта студенттер ЖШС «СМАК», ЖШС «ПХБК», АО «Сүт», ЖШС «Food master», ЖШС «Усолочка», ЖШС «Рубиком» және Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт асханасында, «Тағам» асханалар желісінде, сондай-ақ, Павлодар өңіріндегі басқа да өндірістерде өндірістік тәжірибеден және диплом алды тәжірибеден өтіп жатыр. Тәжірибеден өткен студенттер тәжірибе бойынша есеп пен күнделіктерін және өндіріс жетекшісінен пікір алып, кафедраға тапсырады.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Биотехнология кафедрасымен бірлесе отырып, жылсайын кәсіпорындармен бірге «Серпін» бакалавр студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша конференция өткізеді. Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттері өз мамандығы бойынша осы өндірістерде жұмыс жасау туралы келісімге қол қойылған. Студенттер тек тәжірибеден өтіп қоймай, алдағы уақытта осы өндірістерде өз мамандықтары бойынша жұмыс жасай алады.
«Серпін» индустриалды-иновациялық жобасының құрылғанына не бәрі 5 жыл болса да, алар белестері мен көрінер биіктері өте көп. Жоба аясында мыңдаған жастар маман иесі атанса, басым көпшілігі әлі білім алуда. Осы тарапта «Серпін» индустриалды-иновациялық жобасы - «Мәнгілік Ел», бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жоба болып табылады. Және де осы жобаға қолдау көрсетіп, жастарға сенім білдіргені үшін, Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз!
Жастарды кешенді қолдау мақсатында Елбасы 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты біздің Агротехнологиялық факультет болашақ үшін барлық күш-жігерін жұмсап, ел беретін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
Жастарды кешенді қолдау мақсатында Елбасы 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты біздің Агротехнологиялық факультет болашақ үшін барлық күш-жігерін жұмсап, ел беретін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.
«Серпін» студенттерінің өндірістік кәсіпорындарда өткізген тәжірибесі мен атқарған жұмыстары: