Шет тілді білу Қазақстан ғалымдарына әлемдік ғылыми қозғалысына интеграциялануға мүмкіндік береді.

2017 жылдың 04 наурызынан бастап 25 наурызына дейін Агротехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Виктор Александрович Камкин АҚШ Мемлекеттік Департаментінің шақыруымен IVLP (International Visit Leadership Program) бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатына барып келді. Оңтүстік және Орта Азия үшін IVLP 2017 тақырыбы «Климаттың өзгеруі жергілікті әсерін салдарынан жұмсарту және бейімдеу» болды. В. А. Камкинмен бірге Шри-Ланканың, Индияның, Пәкістанның, Тәжікістанның және Өзбекістанның ғалымдары, экологтары, қоғамдық және саяси қайраткерлері қатысты. Бағдарламаға АҚШ-тың 8 қаласы және 5 штатына баруымен кірді, ең климаттың өзгеруі салдарынан зардап шеккендер: Вашингтон (Колумбия округі), Балтимор және Элликот (Мериленд), Сан Диего (Калифорния), Санта Фе және Альбукерке (Нью Мексико), Канзас Сити (Техас) және Норфолк (Виргиния).

Вашингтонда энергетикалық, ауылшаруашылық және экологиялық мемлекеттік басқарудың мәселелері, сонымен қатар АҚШ-тың федерализмнің тарихи негіздері қарастырылды. Қаланың көгалдандыруына және абаттандыруына, сонымен қатар жасыл екпелерін аурулардан қорғауына және заңсыз кесуге ең көп көңіл бөлінді. 

Сан Диегода бағдарламаның қатысушылары қалалық қоршаған ортаны экологиялық әл-ауқатын қамтитын ұйымның үкіметтік және коммерциялық емес жұмыстарымен танысты. АҚШ-та жыл сайын бүкіл қалалық сенбілік өткізіледі, оған қоса көптеген волонтерлар қатысады. Үйлердің электрификациясы үшін Сан Диегоның аз қамтылған азаматтарға студенттік құрылыс отрядтары құрылған және де тәжірибелі мамандардың басшылығымен үйлердің шатырларында күн батареялары орнатылады. 

Климаттың өзгеруі – ХХІ ғасырдың қатал шындығы, ғасырлар бойы қалыптасқан адамның өміршендігін бүлінуіне әсер етеді, демек, ауылшаруашылығын, экономикасын және көптеген аймақтарда адамның өмір сүруін мүмкіндігін шектейді. Алдағы он жылдықта климаттың өзгеруі миграциялық құбылыстарға және өмірлік ресурстарға күресуіне әкеп соғады. Барлық мемлекеттің бірігуімен ғана осы үдерісті баяулатуға болады. Сондықтан, жаһандық апатты алдын ала тоқтату мүмкіндігі барда, адамзат осы ортақ мәселені шешуге топтасуы қажет.