Екі мың он жетінші жылдың тоғызыншы наурызында біздің университет қабырғасында «DEULA-Nienburg» Германияның Төмеңгі Саксония ауылшаруашылық палатасының бағдарламасы бойынша оқу орталығы  Агротехнология факультетінің студенттері қатарынан тәжірибе өту мақсатында алдын-ала әңгімелесу өткізілді.

Деканның орынбасары Уахитов Ж.Ж., «Агротехнология» кафедрасының меңгерушісі Абеуов С.К., «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының меңгерушісі Бурамбаева Н.Б., үміткерлер қатысуымен және «DEULA-Nienburg» оқу орталығының халықаралық қатынастар мен тәжірибе бағдарламасы департаментінің өкілі Лилия Арутюнян өзінің ұсынуында тәжірибе өтетін тәжірибеленушілерге келесі мақсаттарды айтып түсіндірді: Германияның ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы өнімді өңдірудің экономикалық және жұмыстық жағдайы туралы, тәжірибеде нақты іс жүзінде жастарға заманауи техникамен және жабдықпен басқаруды және жаңа технологиялық үрдістерді игеру жолдарын анықтады. 

Ол, сондай-ақ, тәжірибеден өту үшін оқу орталығы ұсынатын шарттары туралы айтып берді. Содан кейін үміткерлермен неміс және ағылшын тілдерді меңгеру деңгейлерін тексерді де ауылшаруашылығы саласына қарасты көзқарастарын тыңдады. Студенттер әңгімелесу барысында белсенділік танытты.  

Біздің ойымызша, бұл алдағы уақытта мұндай тәжірибе студенттердің білім және кәсіптік дағдылар мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді, олардың келешектегі қызметтерінде аграрлық-өнеркәсіптік кешендеріндегі теориялық-практикалық заманауи білімдерін жоғарылатады.