Алматы технологиялық университетінде (АТУ, Алматы қ.) 2016 жылдың 14-15 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Барлығы Қазақстанның 9 оқу орны қатысты. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нен, «Биотехнология» кафедрасының «5В072700–Технология продовольственных продуктов» мамандығы бойынша екінші және үшінші курс студенттері Смағұлова Ляззат (ТПП-302 тобы), Ромашкова Наталья (ТПП-302 тобы), Мейрамова Айнұр (ТПП-202) қатысты – жетекшісі -  т.ғ.к., профессор Г.Т.Қажыбаева. Олимпиада қатысушылары 3 айналымнан өтті: 1 айналым – «Аналитикалық химия», «Азық-түлік өнімдер технологиясының негіздері» атты пәндері бойынша кешенді тестілеу, 2 айналым – лабораториялық-тәжірибелік тапсырмалар, 3 айналым – ғылыми рефераттар. Біздің студенттер өте жақсы жетістіктер көрсетіп, топтық сынақта 2-ші жүлделі орынды және Ромашкова Н. жеке сынақта 2-ші орынды иеленді.