«Зоотехнология генетика және селекция» кафедрасының оқытушылары мен кафедра меңгерушісі Н.Б. Бурамбаеваның басшылығымен Шарбақты ауданы орталығына профориентациялық жұмыспен барды.

Сондай-ақ, олар  агротехникалық колледжге барып, колледж студенттеріне профориентациялық кеңес жүзгізді. ЖОО-ның қабылдауы туралы, ПМУ-да жүрілетін әртүрлі кеңестер туралы жеке топтарға түсіндіру жұмыстары жөнінде кеңес өткізді. Профориенттаторлар қабылдау комиссиясының жұмыстары туралы, орташа өту балы және ПМУ-дағы мамандықтар туралы ақпараттары бар буклеттерді таратты.