25 -26 сәуірде Алтай мемлекеттік аграрлы университеті «Халықтың экологиялық қауіпсіздігі» атты экологиялық олимпиада өткізді.

Қазақстанның атынан ПГУ - дың Агротехнологиялық факультетінен алты студенттен тұратын жалғыз құрама команда болды, Қаиржанов Ернар, Колесникова Ярослава, Апсаликов Алдияр, Четвертякова Алёна, Кинаятов Серікболсын және Оңғаров Жасұлан шықты. Команда жетекшілері Агротехнология кафедрасының меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Кабжанова Гүлнар Рашиденовна және Агротехнология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының доценті Камкин Виктор Александрович болды. Олимпиадаға Рессей жоғарғы оқу орындарының үздік командалары қатысты. Олар айтарлықтай бәсекелестік тудырып, қоршаған ортаның экологиясына антропогенді әсер ету аймағынан жоғарғы деңгейде білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың бірінші кезеңінде «Халықтың экологиялық қауіпсіздігі» атты тақырыпта ғылыми экологиялық конференция болды. Конференция қорытындысы бойынша біздің Колесникова Ярослава қоршаған ортаны қорғау және экология аймағынан жоғарғы білімін көрсетіп, үшінші орынды иеленді.

Экологиялық олимпиаданың екінші кезеңінде «Биосфераны антропогенді ластау және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында команда мүшелерінің эрудициясын тексеру мақсатында тестілеу жүргізілді. Команданың креативті ойлары және шығармашылық қабілеттіліктерін «Табиғатты бірге қорғайық» атты тақырыптағы эмблема мен плакаттарда көрсетті. Мұнда ПГУ – дың командасы 2 орын алды. Келесі бейнероликтердің конкурсы болды, одан біздің команда тағы да 2 орынды иеленді.

Экологиялық олимпиаданың қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың құрама командасы жеңімпаздардың үштігіне кіріп, құрметті үшінші орын алды.