Тәрбиелік жұмыстар 

Кафедрада тәрбиелік жұмысты басқару үрдісі ПМУ ҰС Н 7.09.2-07 «Оқу басқармасын басқару» стандарты және С. Торайғыров ат. ПМУ ТЖ тұжырымдамасымен жүргізіліп жатыр.

С. Торайғыров атындағы ПМУ тұрақты негізде белсенді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы және алдын алу үшін жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта университетте Ғылыми кеңестік шешімі бойынша 28 мамыр 2014 жылдан бастап бекітілген.

Студенттік өзін-өзі басқарудын жұмысы университеттін ВР концепциясының бағдарламалық әрекетіне сай. Студенттік өзін-өзі басқару енгізу туралы заң 10 сәуір 2013 жылы №6/1-07/196 қабылданды. Бүгінгі күнге дейін студенттік өзін-өзі басқару жылына 2 рет жұмыс істеді.

Факультеттің ТЖ жоспары негізінде әзірленген, кафедра отырысында 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы кафедрасының жоспары бекітілді.  

Кафедраның тәрбие жұмысының түрлері мен нысандары.

Біздің кафедраның студенттері спортқа және мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

Агр-301 тобының студенті Акимбеков Арман еркін және қазақша күреспен айналысады, республикалық және облыстық сайыстардан жүлделі орын алып келеді. Халықаралық турнирде қазақша күрестен 1 орын, Кош-Агач қ.,  Алтай Республикасы. Облыстық сайыста 55 кг салмақтан 1 орын.  «Алтын белбеу» 60 кг салмақтан 1 орын. «Жас Барыс» қазақ күресінен 3 орын. Самбо күресі бойынша облыстық чемпионаттан 3 орын.

Агр-301 тобының студенті Бисембинов Арман Самбо күресі бойынша облыстық чемпионаттан 2 орын, Екібастұз қаласында өткен чемпионаттан 3 орын,  Красноярск қаласында өткен чемпионаттан 3 орын. 

2017-2018 оқу жылында «Студенттерге арналған» атты шарада біздің кафедраның 1-ші курс студенттері белсенді қатысты. 

5В080100 – Агрономия бағдарламасы бойынша «Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі – 2017» 1 орын алғаны үшін Агротехнология кафедрасына сертификат берілді.