Факультет тарихы

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті 2003 жылдың маусым айында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен құрылды. Факультеттің негізін салушы, алғашқы деканы жалпы және теориялық физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тлеукенов Садритен Кабдығалиұлы (2003-2010).

2010-2011 оқу жылы аралығында – информатики және ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нурбекова Жанат Кунапияқызы.

2011 жылдан бастап факультет деканы физика және аспап жасау кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Испулов Нұрлыбек Айдарғалиұлы.