«Foundation» факультетінде 2014 жылы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтары мен шетелдік азаматтарға арналған дайындық бөлімі ашылды (ҚР БҒМ 18.09.2014 ж. №383 бұйрығы).
Дайындық бөлімінің мақсаты мен міндеттері:
• шетелдік азаматтар мен шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің талапкерлеріне Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша сапалы білім беру;
• шетел азаматтарын Қазақстанда өмір сүруге бейімдеу, қазақ тілі мен орыс тілін меңгеруде тереңдетілген дайындық жүргізу;
• шетелдік азаматтар мен шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің университеттің оқу-тәрбие үдерісіне табысты бейімделуіне жағдай жасау.
Дайындық бөліміне түсу үшін қазақ тілі және математика пәндері бойынша тест өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы оқу жылының 5 тамыз – 5 қыркүйек айлары аралығында жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі – 9 ай.
Оқу қазақ тілінде жүргізіледі.
Дайындық бөліміне түсу үшін:
Дайындық бөліміне түсу үшін ұсынылатын қажетті құжаттар:
1) үміткердің өтініші;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы - 2 дана);
3) ұлты қазақ анықтамасы (қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасы -1 дана);
4) аттестат немесе диплом түпнұсқасы (нотариалды расталған көшірмесі және аудармасы-2 дана);
5) Қазақстанда жасалған медициналық анықтама – 075/у (флюорография (кеуде суреті), наркодиспансер мен психдиспансер анықтамасы);
6) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
7) бауы бар папка, конверт А5.
Бейіндік пәндер
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән |
Дүние жүзі тарихы | География |
Шет тілі | Дүние жүзі тарихы |
Биология | География |
Математика | География |
Биология | Химия |
География | Математика |
Математика | Физика |
Математика | Информатика |
Химия | Физика |
География | Шет тілі |
Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
Қазақ/орыс тілі | Қазақ/орыс әдебиеті |
Дүние жүзі тарихы | Құқық негіздері |
Дайындық бөліміне қабылдаудың үлгілік ережелері
Дайындық бөлімінің әлеуметтік желілерде:
Facebook дайындық бөлімі: https://www.facebook.com/Foundation.Pavlodar/
Instagram дайындық бөлімі: https://www.instagram.com/foundation_2016/
Толық ақпаратты төмендегі телефондар арқылы ала аласыз:
67-36-50 (ішкі 11-04), whatsapp: 87055473488; 87071203910; 87059848797.
Электрондық адресі: foundation2016@mail.ru
673-650 (ішкі 1104)