
"Тұлғалық даму және білім беру"кафедрасының студенттері университеттің қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді қатысады. Университеттік, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына қатысады. Білім алу кезінде әртүрлі тренингтерге, Қазақстан және шетел ғалымдарының көпшілік алдыңдағы дәрістеріне, халықаралық ғылыми семинарларға қатысады. Кафедра студенттері мен оқытушылары құрастырған жобалар түрлі байқауларда жеңіске жетеді. Студенттер университет пен жалпы ел өмірінде белсенді азаматтық ұстанымға ие.
Кафедра білім алушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады:
1) Хитрик Дарья (Пс-302(с) тобы) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Білім берудегі педагогика және менеджмент" кафедрасының базасында өткен студенттер арасындағы "Жастар бастамалары" республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Жетекшісі – PhD докторы, постдокторант Попандопуло А. С.;
2) Локай Валерия (Пс-302 тобы) Ресей Ғылым күніне арналған Ресейлік және шетелдік жоғары білім беру ұйымдарының магистранттары мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобалары халықаралық қатысуымен бүкілресейлік байқауында 3 орын үшін диплом алды. Жетекшісі - РФ п.ғ.д., ҚР п.ғ.к., профессор Р. Ж. Аубакирова;
3) Локай Валерия (Пс-302 тобы) "Қазіргі заманғы қазақстандық ғылымның қалыптасуындағы академик Қ. И. Сәтбаевтың рөлі туралы" тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының университет ішіндегі конкурсында 3 дәрежелі диплом алды. Жетекшісі - РФ п.ғ.д., ҚР п.ғ.к., профессор Р. Ж. Аубакирова;
4) Пупарева Дарья, Мироничева Елизавета (Пс-302 тобы), Абдрахманова Адема (Пс-301) М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЮУ-де психология бойынша ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Жетекшісі – PhD докторы, постдокторант Попандопуло А. С.;
5) Ракушина Е. (СР-302 тобы), Мишелева с., Жариков Н., Мусалдаев Ж. (МПс-22н тобы), Бондаренко Д., Плотников А. (Пс-102 тобы), Закиева Ж. (Пс-402 тобы) "XXIV Сәтбаев оқулары" Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты;
6) Антясова Т. (Пс-402 тобы) "НОББ жүйесіндегі білім алушылардың ерте кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Тел: 8 (7182) 673685 (іш. 1139)
E-mail: kafedrapip@mail.ru