Кафедра тарихы

«Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының тарихы өз бастауын 2004 жылдан алады. Кафедра меңгерушісінің м.а. PhD докторы, профессор – Тулекова Гульмира Мухамеджановна. Кафедрада оқыған мамандар ірі ұйымдарда жұмыс істейді: КүләшБайсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Дене шынықтыру және бұқаралық спортакадемиясы, Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Халықаралық туризмжәне меймандостық университеті» КЕАҚ, «Үркер» зияткерлік орталығы, ҚР Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, Павлодароблысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының «Облыстық балаларды оңалту орталығы» КММ Б. Ахметоватындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Ыбырай Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 8 профессор, 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаттары, 12 PhD докторлары.