Оқу-әдістемелік  жұмысы

Оқу барысы кредиттік технологияның оқу жоспары бойынша бакалавриаттың мына мамандықтарына жүргізіледі: 5В020700 –  Аударма ісі, 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі, 5В021000 – Шетел филология.

Мамандарды даярлау жоғарғы оқу орны бекіткен мемлекеттік стандартқа сәйкес арнайы пәндерді оқытумен, сонымен қатар студенттердің таңдауы бойынша жүргізіледі. Оқу бағдарламасы қазіргі талапқа сәйкес.

Бекітілген типтік және оқу жоспары, сонымен қатар базалық және арнайы пәндер бойынша қазақ және орыс тілінде бағдарлама, кафедраның жұмыс жоспары, жылдық есеп беру, хаттама, оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы, ашық сабақ жоспары, оқытушылардың жеке жұмыс жоспары бар. Әр оқытушыда ағымдық және аралық бақылау жорналы, студенттердің сабаққа қатысу жорналы, дәріс конспектісі, тест және емтихан сұрақтары бар.

Кафедраның жұмыс жоспары оқу-әдістеме және оқу-тәрбие барысын қамтиды. Жылдық есепнама кафедраның жылдық жоспарын толық қамтиды. Оқытушылардың сабақты жүргізудегі жетістіктері мен кемшіліктері өзара сабаққа қатысу журналында көрсетіледі. Оқытушылар жасалған ескертулермен жұмыс жасайды.

Оқу жоспары бойынша СОӨЖ және СӨЖ жүргізіледі.

2013-2014 оқу жылында пәндер қазақ және орыс тілінде оқу-әдістемелік құралдармен 100 % қамтамасыз етілген.

Ағымдық бақылау жұмысы, өзіндік жұмыс, коллоквиум және т.б. түрде өткізіледі. Семестр бойы 2 аралық бақылау қарастырылған.

Қорытынды бақылау (емтихан) тест түрінде немесе жазбаша емтихан билеті немесе ауызша түрде болады.

Оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша силлабустар (жұмыс бағдарламасы) мен оқу-әдістемелік кешендері (ОӘК) бар. Силлабустар мен ОӘК негізін құрудың мемлекеттік стандарты және ПМУ ӨС бар. Оқу барысында қолданылатын әдістемелік нұсқаулардың сапасы айтылған талаптарға сәйкес келеді.

Оқытушылардың оқу жүктемесі оқу жылының басында кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Жоспарланған оқу жүктемесі ешқандай ауытқусыз жүргізіледі.

Кафедра оқытушылары барлық пәндер бойынша сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды шығарды.