Оқу-зертханалық қоры

Кафедра мамандықтарындағы оқу үрдісі қазіргі талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базаның қызмет етуіне негізделген. Оған бүгінгі күн талабымен жабдықталған арнайы дәрісханалар, абонементтік қызметі және оқу залдары бар кең ауқымды кітапхана қорлары, компьютер сыныптары, интернет-кафе, медиатека, спутниктік теледидар кіреді.

Оқу барысында студенттер төмендегідей тәжірибешіліктерден өтеді: археологиялық, этнографиялық, педагогикалық. Тәжірибешіліктен өту үшін дайындықты студенттер Ә.Марғұлан атындағы археологиялық зерттеулер орталығында (Директоры — Мерц В.К.) өтеді.