Торайғыров университетінің базасында өтетін 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дайындау бағыты бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасының ІІ кезеңі

Торайғыров университетінің базасында өтетін 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дайындау бағыты бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасының ІІ кезеңі

 

2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында Павлодар қ.

 

Информационное письмо ИС_ТоУ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ТоУ

 

Студенттерді Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысуға ұсынған кезде жоғары оқу орны Торайғыров университетіне келесі құжаттарды жібереді:

- олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе хаттамамен ресімделетін ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі;

- Торайғыров университеті базасында Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысуға өтінім (2-қосымша) (әрбір қатысушыға толтырылады).

- әрбір қатысушыға оқу орнынан анықтама;

- жеке куәлік/паспорт (көшірмесі).

 

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысу үшін өтінімдерді 2024 жылғы 19 сәуірге дейін электрондық нұсқада арнайы нысанды толтырып (әрбір қатысушыға толтырылады), fcs@tou.edu.kz электрондық мекен-жайға жіберу қажет.

 

Қазақстан Республикасының пәндік олимпиадасының ІІ кезеңі «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында 2 кезеңнен тұрады:

 

1 кезең (25 сәуір 10:00-нан 13:00-ге дейін): қазақ және орыс тілдерінде «Мәліметтер қоры», «Компьютерлік желілер» 2 пәндері бойынша құрастырылған тест тапсырмалары жазбаша түрде өтеді.

 

Түскі ас үзілісі 13:00-ден 14:00-ге дейін.

 

2 кезең (25 сәуір 14:00-ден 18:00-ге дейін): бағдарламалау бойынша 3 тапсырма (Операциялық жүйе: Windows; бағдарламалау тілдері: С++, C#, Java, Python).

 

Олимпиаданың өтетін орны: Павлодар қ., Ломов көшесі 64, бас оқу ғимараты, Торайғыров университеті.