Кафедра тарихы

«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасы 1987 жылдан бастап қызмет етеді. Осы уақытқа дейін, яғни 1960 жылдан бастап кафедра «Құрылыс ісінің негіздері» деп, ал содан кейін «Құрылыс құрылымдары» деп аталды. Бұл жылдарда кафедраны доцент Я.М. Орошилов (1985 ж.дейін), т.ғ.к., доцент М.А. Шинтемиров (1975-1993 ж.), т.ғ.к., доцент К.Т. Саканов (1993-1994 ж.), т.ғ.к., доцент М.К. Кудерин (1994-1995 ж.), т.ғ.к., доцент Ш.К. Торпищев (1995-1997ж.), т.ғ.к., профессор С.К. Ельмуратов (1997-2003ж.), т.ғ.к., доцент М.К. Бейсембаев (2004-2006 ж.), және т.ғ.д.., проф. С.К. Ельмуратов (2006-2012ж.) басқарды, т.ғ.д, профессор К.Т. Саканов (2012 ж. тамыздан осы уақытқа дейін).

Кафедра 2001 жылдан бастап 050729 – Құрылыс мамандығы бойынша бакалавр – мамандарын үш мамандандыру бойынша дайындай бастады: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың технологиясы, ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау; көлік құрылысы (профильдері: теміржол құрылысы мен автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы). 2002 жылы кафедрада көлік бағытында жаңа мамандық 440240 – Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы ашылды.

2012 жылғы 1 қыркүйегінен бастап ӨАҚ кафедрасының аты Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысына (ӨАКҚ) өзгертілді, ол өз кезегінде мамандықтардың (Құрылыс және көлік құрылысы) дайындалу бағытын ескерумен факультеттегі шығарушы кафедраларды оңтайландыру қажеттілігімен пайда болды.

Кафедра жоғарғы білімнен кейін 2001 жылдан бастап «Құрылыс», 2010 жылдан бастап «Көлік құрылысы» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды. 2019-2020 жылдары «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат пен магистратураның «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандығы ашылды.

Кафедраның 57 жыл жұмыс істеу кезінде «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы бұрынғы Кеңестер Одағының және ҚР кең аумағында жұмыс жасап жатқан үш мыңнан астам инженер – құрылысшыларды және 1040 астам бакалавр – құрылысшыларды дайындады. Олардың үздіктері қазір де Қазақстан республикасын нығайтып, дамытуға ат салысып жатыр. Олар: Ахметов Даниал Кенжетайұлы – ҚР экс-Премьер министрі (2004-2007 жылдары), қазір кезде- Шығыс Қазақстан обылысының әкімі, Алибаев Серікбай Бариұлы – Қазақстан Республикасының мәжілісі депутаты, Чмых Николай Иванович Павлодар қаласының экс-әкімі (2001-2004 жылдары), Зыков Михаил Алексеевич- «Иртыштранстрой» Ассоциясының төрағасы, Есимханов Куат Есимханович – ҚТЖ Теміржолсу АҚ бұрынғы президенті, ал қазір ҚР ИДМ кезіндегі кеңесші, Скляр Роман Васильевич – ҚР инвестициялар және дамуы бойынша алғашқы вице министрі (01.2018-02.2019); Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (25.02.2019-09.2019); Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары (с 18.09.2019).

Кафедраның көптеген түлектері ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады және айналысқан. Күдерин Марат Қырықбайұлы – сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор; Сақанов Қуандық Темірұлы – т.ғ.к., ПМУ профессоры, кафедра меңгерушісіне.; Марданов Канатбек Хабидуллаевич – т.ғ.к., доцент (1974, қараша – 2018, мамыр). Акимханов Нурлан Жумабаевич – т.ғ.к., қауым. профессор, Торпищев Шамиль Камилиевич – т.ғ.к., профессор, Бейсембаев Мурат Кулханович – т.ғ.к., қауым. профессор, Омаров Жумабек Мухтарович – т.ғ.к., қауым. профессор, Станевич Виктор Тадеушевич – т.ғ.к., профессор және т.б.