ЖАҢА САЙТ
2020-06-05 04:09:34
«Шет тілдері» кафедрасының жас ғалымдары Самал Ерғалиева, Меруерт Уайханова, Айгүл Сахариева Альбина Анесованың жетекшілігімен гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер жүргізуге грант жеңіп алды.

Павлодарлық түлектердің 86%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді, бұл барлық жылдар ішінде оқуды жалғастыруға және жоғары білім алуға тілек білдірушілердің рекордтық көрсеткіші.

«Электр энергетикасы» пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада Торайғыров университетінің командасы  бірінші орынға ие болды.
Торайғыров университетінің студенттері «Әлеуметтік жұмыс», «География», «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандықтары бойынша өткен пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
Торайғыров университетінің студенттері «Металлургия» және «Биология» пәндері бойынша өткен пәндік олимпиадада үшінші орынға ие болды.

Торайғыров университетінің ғылыми кеңесі «Инженерия және инженерлік іс», «Машина жасау» және «Көлік, көліктік техника және технологиялар» бойынша бірлескен диссертациялық кеңесті ашуға дауыс берді.

Toraighyrov University-де «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада аяқталды.