Торайғыров университетінде Торайғыров университетінің жоғары колледжімен бірлескен "жұмыс берушілер күні" өтті

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков құттықтау сөз сөйледі. 

- Бүгін студенттер үшін "бос орындар жәрмеңкесі" өтті, онда "KSP Steel" ЖШС, "Павлодарэнерго" АҚ, "ERG Service" ЖШС, "Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасы" және "ERG Service" ЖШС сияқты кәсіпорындардың өкілдері болды,-деді Петр Быков

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орнындағы дуальды оқыту мүмкіндігін атап өтті, онда кадрлар даярлау нысаны білім беру ұйымдарында оқытуды кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен біріктіреді, кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершілігі тең болған жағдайда жұмыс орындарын ұсынады. 

Кездесуде академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушімен өзара іс-қимылдың артықшылықтары қаралды, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеу кезінде жұмыс берушілермен бірлесіп МЖМБС, кәсіби стандарттардың, оның ішінде WorldSkills кәсіби стандарттарының талаптары ескеріледі және оқыту мерзімдері айқындалады.

Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері мен колледж студенттері үшін университет бойынша экскурсия өткізілді.