«Торайғыров университеті» КЕАҚ HR-қызметінің бөлігі ретінде талант менеджмент орталығы өз қызметін дарынды қызметкерлерді іздеуге және дамытуға, ішкі кадрлық резервті қалыптастыруға, корпоративтік оқытуды ұйымдастыруға, сабақтастықты жоспарлауға, тәлімгерлікті (менторлық) дамытуға бағытталған Университеттің кадрлық әлеуетін дамытудың жалпы HR стратегиясына сәйкес жүзеге асырады.

 

Талант менеджмент орталығының негізгі міндеттері

- Университеттің ПОҚ және университет қызметкерлері, жоғары және орта оқу орындарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары, барлық санаттағы азаматтар үшін университеттің білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша қосымша кәсіптік білім беру;

-біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік білім мен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үшін университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жоспарлау және жолдау;

- қазақ, орыс және шет тілдерін оқытудың қосымша түрлерін жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру (тереңдетілген, деңгейлік оқыту, Қазтест бағдарламалары бойынша даярлау; IELTS, TOEFL; TestDaF және т. б.);

- Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлерінің қосымша құзыреттерін, кәсіби дағдыларын дамыту саласында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, Халықаралық және қазақстандық үшінші тарап ұйымдарымен өзара тәжірибе жасау бойынша жұмыс жүргізу.