«Торайғыров университеті» КЕАҚ Үздіксіз білім беру институты өз қызметін дарынды қызметкерлерді іздеуге және дамытуға, ішкі кадрлық резервті қалыптастыруға, корпоративтік оқытуды ұйымдастыруға, сабақтастықты жоспарлауға, тәлімгерлікті (менторлық) дамытуға бағытталған Университеттің кадрлық әлеуетін дамытудың стратегиясына сәйкес жүзеге асырады.

 

ҮББИ негізгі міндеттері

- Профессор-оқытушылар құрамы мен Университет қызметкерлерін біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдерін, кәсіби құзыреттерін жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыруға жоспарлау және жіберу;

- Университеттің ПОҚ және Университет қызметкерлері, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары, барлық санаттағы азаматтар үшін университеттің білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша қосымша кәсіптік білім беру;

- қазақ, орыс және шет тілдерін оқытудың қосымша түрлерін жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;

- шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері мен шетел азаматтары үшін дайындық бөлімшесінің білім алушылар контингентін қалыптастыру;

- жоғары оқу орындарына түсу үшін тиісті бейін бойынша дайындық курстарын өткізу және негізгі сыныптар жүйесі арқылы біліктілік алу;

- бейіндік пәндер мен тілдік даярлықты қоса алғанда, "Foundation" бағдарламасы арқылы білім алушылар талапкерлер мен шетелдік студенттер контингентін қалыптастыру;

- Университеттің «Күміс ТОU – Күміс университет» туралы Ережесіне сәйкес «Күміс ТОU – Күміс университет» бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- Қосымша құзыреттерді дамыту, тілдік пәндерді оқыту мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу, Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, халықаралық және қазақстандық сыртқы ұйымдармен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарды жүргізу.