Құрметті әріптестер!
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша біліктілігін арттыруға ықпал ету шеңберінде «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологтың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты көлемі 72 сағат практикалық курсын осы жылдың 03 - 08 маусымның аралығында өткізуді жоспарлап отыр.
Оқыту мақсаты: инклюзивтік білім беру жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеу барысында білім мен дағдыларына ие болу.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар құзыреттілігін, білімін және түсінігін қалыптастырады:
- инклюзивті білім берудің теориялық және әдістемелік негіздерін;
- психологпен өзара әрекеттесу ұғымдарын, мүмкіндігі шектеулі балалармен психологиялық-педагогикалық көмектің жұмыс түрлерін, әдістемелерін;
- инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психолог қызметінің ерекшеліктерін;
- инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологтың өзара әрекеттесуін оңтайландыру бойынша ұсыныстарын.
Оқуды өткізетін: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушылары, магистрлері Кударова Назгуль Абильбековна, Нургалиева Муршида Елубаевна
Біліктілікті арттыру курсының бағасы - 9000 теңге. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.
Оқуға өтініш
«Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологтың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері»
№ |
Құжат бойынша толық аты-жөні |
Жұмыс орны, лауазымы |
Эл. пошта, байланыс деректер, ұялы телефон |
Қатысу түрі |
1 |
Қатысу туралы өтініштер 2019 жылдың 30 мамырға дейін электронды поштаға жіберіледі pk-psu@mail.ru. Тыңдаушылардың жиналуына байланысты оқыту өткізіледі.
Төлемге арналған реквизиттер: «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Павлодар қ., Ломов көш., 64, БСН 990 140 004 654
1. АҚ «Қазақстан халық банкі», ИИК KZ 15 6010 2410 0000 3308, БИК HSBKKZKX, Кбе 16, КНП 861, «Біліктілікті арттыру курсына»
2. АҚ «Цеснабанкі», БИК TSESKZKA, ИИК KZ57998FTB0000003310, Кбе 16, КНП 861, «Біліктілікті арттыру курсына»
С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің біліктілікті арттыру орталығының байланыс ақпараты: Павлодар қ., Ломова көш., 64, С. Торайгыров атындағы ПМУ, кабинеті А-217, тел. 8 (7182) 67-36-65 (ішкі. 11-82), ұялы.тел. 8 707 6030281, 87056130659.
Құрметпен, Біліктілікті арттыру орталығы