Алматы технологиялық университетінде (АТУ, Алматы қ.) 2019 жылдың 11-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XI республикалық пәндік олимпиада өтті.

5В072700–Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша Қазақстанның 11 оқу орнының студенттері қатысты. Соның ішінде С. Торайғыров атындағы ПМУ "Биотехнология" кафедрасының 3курс студенттері болды: Кочкуркина Ирина (ТПП-302 тобы), Концур Андрей (ТПП-302 тобы), Пупарева Ксения(ТПП-302 тобы) және жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты,профессор Кажибаева Г. Т. Олимпиада 3 турдан тұрды : 1 кезең – "Аналитикалық химия", "тағам өндірісі технологиясының негіздері" пәндері бойынша кешенді тестілеу; 2 кезең – ғылыми Рефераттар (Презентациялар); 3 кезең – зертханалық-тәжірибелік тапсырма. Біздің студенттер үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте жүлделі 3-орынға ие болды.