Агротехнологиялық факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Т. К. Бексейітов пен Зоотехнология генетика және селекция кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымының кандидаты Л. М. Усенова  2015 жылдың желтоқсан айының 8-нен 25-не дейінгі аралығында Израиль мемлекетінде «MASHAV-CINADCO» халықаралық оқу орталығында «Сүтті ірі қара мал шаруашылығында инновациялық технологияларды және басқару әдістерін енгізу» тақырыбындағы халықаралық курстары бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырып келді.

Курс соңында Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі өкілетті елшісі Д.О. Қуанышевтың қатысуымен ғалымдарымызға кәсіби біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификат табыс етілді.

«Біліктілікті арттыру курсы менің сүтті мал шаруашылығы, соның ішінде өндірісте жас төлдерді өсіру, сүт өндіру технологиясы және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби деңгейімді жоғарлатуға көмегін тигізді. Алынған білім менің болашақтағы ғылыми-педагогикалық қызметіме сөзсіз көмегі тиеді»-дейді қауымдастырылған профессор Л.М. Усенова.