Әбдіжәміл Нұрпейісов

Халыққа нан, әскерге қару жетіспейді. Атаман Дутов Орынборды басып алғаннан бері бұлардың халі бұрынғыдан да қиындады. Петроград, Москвамен қатынас үзілді. Азық-түлік пен қару-жарақтың келер көзі байланып, онсыз да аш-жалаңаш отырған халықтың жұтқыншағын буып тастады. Ала-бөле жұмысшылар семьясы ашыға бастаған соң төрт-бес күн шамасында бұлар шағын отряд ұйымдастырып, Ознобиннің шолақ қол баласын бас қып, Жем бойына астыққа жіберді.                                                 

(«Қан мен тер» трилогиясынан үзінді)







                                                   





Мұхтар Шаханов

- Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау,

Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау

(«Отырар туралы» поэмасынан үзінді)