Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- техникалық, инженерлік, экономикалық, басқару немесе заңгерлік даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
- басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
- инфрақұрылымды басқару, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, құрылыс, инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету немесе сабақтас салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Қазақстан Республикасының білім беру, еңбек және еңбекті қорғау, құрылыс және сәулет, мемлекеттік сатып алулар, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік мүлікті басқару салаларындағы заңнамасын білу;
- инфрақұрылымдық жобаларды басқарудың, энергия тиімділігінің, орнықты дамудың, ESG қағидаттарының және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін білу;
- стратегиялық және жедел жоспарлау, персоналды басқару, бюджетті жоспарлау және басқару, мердігерлік ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын бақылау дағдылары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3) автобиография;
4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.
10) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12) конкурсқа қатысушы Департаментті дамытудың 3 жылға арналған перспективалық жоспарын ұсынуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Конкурсқа қатысушылар комиссияның шешіміне конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
Техникалық сұрақтар бойынша 87755458997 (Аида)
ПДҚ-бөліміне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар
(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)
«Торайғыров университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ПОҚ лауазымдарға конкурстық орналасуы
бойынша комиссия төрағасы Р. Ж. Нургожинге
PhD философия докторы С.М. Ниязовадан
Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй, 15 пәтер
Үй тел. 20-46-80
Ұялы тел. 8-700-000-00-00
өтініш
Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры лауазымына 2026 жылғы «28» тамыздағы tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
______________
Конкурсқа қатысушының қолы
__ . _____ 2026
өтініш жазылған күн
«Торайғыров университеті» КЕАҚ Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссияның 2026 жылғы 14 тамыздағы шешімдерінің нәтижелері
Результаты конкурса от 14 августа 2026.pdf