СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
«Сәулет және дизайн» кафедрасы
5В042000 СӘУЛЕТ
5В042100 ДИЗАЙН
Құрметті талапкер!
Сіздің өміріңізде жарқын болашаққа апаратын мамандықты таңдау кезі келді!
Біздің кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бакалавриаттың келесі мамандықтарын таңдауға шақырады:
● 5В042000 СӘУЛЕТ
мамандандыру: Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті.
Түлектердің кәсіби қызмет нысандары – сәулеттік жобалар, ұйымдастыру және басқару.
Кәсіби қызмет аясы - адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуіне қажетті ортаны қалыптастыру, ғимараттар мен үймереттердің және олардың кешендерінің, ландшафттық және қалалық құрылыс нысандарының, сәулеттік қалалық құрылыс қызметі жетістіктерін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, олардың кешендері жобалары мәселелерін шешу; жобаланатын нысандардың эстетикасы мен үйлесімділігін ұйымдастыру.
Оқуды бітіргеннен кейін «Сәулет» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Оқу түрі:
- жалпы орташа білім негізінде: күндізгі - 5 жыл;
- орташа кәсіби білім негізінде: сырттай, күндізгі – 3 жылдан кем емес.
Оқу тілі: мемлекеттік тіл, орыс тіл.
● 5В042100 ДИЗАЙН
мамандандыру: Сәулет дизайны;
Графикалық дизайн; Өндірістік дизайн. Түлектердің кәсіптік қызмет нысандары (мамандықтар бойынша):
- сәулет дизайны – қалалық, ауылдық, саябақтар кешені, көгалдандыру және көріктендіру элементтері, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың экспозициялық және ішкі кеңістіктері.
- графикалық дизайн – сауда белгілері, фирмалық стильдер, әлеуметтік жарнама, бұқаралық ақпараттардың электрондық және баспа жарнамасы,
- өндірістік дизайн – үлкен өндірістерде қолданылатын заттар мен бұйымдар және олардың кешендері, аз мөлшерде шығарылатын заттар мен бұйымдар.
Оқу түрі:
-жалпы орташа білім негізінде: күндізгі - 5 жыл;
-орташа кәсіби білім негізінде: сырттай, күндізгі – 3 жылдан кем емес.
Оқу тілі: мемлекеттік тіл, орыс тіл.
Оқуды бітіргеннен кейін «Дизайн» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар 2 шығармашылық емтихан тапсырады: сурет, композиция.
Ұлттық бірегей тестілеудің балдары келесі пәндер бойынша есепке алынады: Қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштер ЖОО-ның қабылдау комиссиясымен 20 маусымнан 1 шілде аралығында қабылданады. Шығармашылық емтихан шілденің 2 мен 7 аралығында өтеді.
Оқыту мемлекеттік білім гранттарымен немесе ақылы түрде, қарастырылған жеңілдіктермен жүзеге асырылады.
Кафедраның кадр потенциалы
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Темербаева Жанна Амангелдиевна.
Кафедрада техника ғылымдарының кандидаты, профессор Курманов К.Д., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Эм М.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Булыга Л.Л., ҚР сәулеткерлер одағының мүшелері доцент Каирбеков У.И., доцент Старкова Г.Н., доцент Шкреба Е.В., аға оқытушы Сулейменов Е.Н., аға оқытушы Асылгазина З.М., аға оқытушы Сейтмолдинов Д.Н., аға оқытушы Таниева Ж.Қ., аға оқытушы Ткаченко М.Б., оқытушылар Сербина М.Б., Ережепова А.К., ассистенттер Жукенова Г.А., Жаркумбаева М.М. жұмыс атқарады.
Оқу үрдісі қазіргі заман талабына сай оқу-әдістемелік базада өткізіледі.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерге кітапхана, интернет-кафе, спорт зал, «Students club» кафесі, студенттер үйі, жастар баспа орталығын ұсынады.
Қабылдау шарттары:
Студенттер мемлекеттік білім беру гранты және оқу төлемдерінің икемді жүйесін қарастыратын келісім-шарт негізінде оқуға қабылданады.
КЕЛЕШЕК СІЗДЕРДЕ!
«Сәулет және дизайн» кафедрасының ұжымы
Біздің университетіміз 2006 жылғы 23 қаңтарда біздің аймақта алғашқы берілген ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартына сәйкес жұмыс істейді, ол №:06.022.026 IQNet сертификатымен расталған.
С. ТОРАЙҒЫРОВ AТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
«Сәулет және дизайн» кафедрасына
Қош келдіңіздер!
Біздің мекен-жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Б1 корпусы
Ак. Чокина, 139, Сәулет-құрылыс факультеті, «Сәулет және дизайн» кафедрасы, 304 каб.
Телефондар:
СҚФ деканаты: 67-36-34
«Сәулет және дизайн» кафедрасы: 67-36-33
Қабылдау комиссиясы: 67-37-73
Дайындық курстары: 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |