АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Агротехнология кафедрасы

5B080100   “Агрономия”

(бакалавриат)

5B080100 "Агрономия бакалавры" квалификациясы берілетін  "Агрономия" мамандығы бойынша студенттерді қабылдау жүргізіледі.

Біздің мақсатымыз – агрономия бойынша    жан-жақты кәсіпкер мамандарды дайындау.

Мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт арқылы түлектерге тиімді оқу төлемі жүйесі қарастырылған.

Бізге түсуге болады:

- Жалпы орта білім мектебінен ҰБТ және жаппай тесті тапсырған түлектердің нәтижелерінің қорытындысы бойынша.

Оқу мерзімі:

Күндізгі оқу түрі  – 4 жыл

- Орта кәсіби білім беру мекемелерінің (колледж) түлектеріне.

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес.

Тестілеуде таңдалатын негізгі пән - биология.      

Тест әдісі 4 пән бойынша жүргізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математика;
  • Биология.

Университетке түскен ер адамдар әскери қызметін кейінгі қалтыруға мүмкіндік алады.  

5B080100 «Агрономия» мамандығы бойынша  студенттер тәжірибенің барлық түрлерін өтіп меңгереді:

  • егіншіліктегі өндірістік үрдістерді ұйымдастырып басқарудағы қызметтер, сондай-ақ осы үрдістерді басқару;
  • ауылшаруашылығы дақылдарын жеделдетіп немесе ресурс үнемдейтін технологиямен өсірудегі  және өсімдік шаруашылығында және басқа ауылшаруашылық жұмыстарда еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік технологиялық қызметтер;
  • өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге байланысты еңбек ресурстарын және қаржы есептеудегі қаржы-шаруашылық қызметтер;
  • өсімдік шаруашылығы саласындағы жұмысшылар және  мамандармен кеңес өткізуге және агроесептеу жүргізуге байланысты кеңестік қызметтер;

Агрономия бакалавр мамандығы әрауқымды және өзіне тән ерекшелігі бар.

Оның міндеті: топырық құнарлылығын сақтау және еселеу;өсімдіктерді зиянкес организмдерден интегралды сақтау жүйесін зерттеп шығару және енгізу; егу алаңдары құрылымын зерттеу және нақтылы шаруашылық жағдайына қолданылатын ауыспалы дақылдар кестесі; топырақты өңдеуде ауылшаруашылық өндірісіне энергия және еңбек үнемдейтін тәсілдерді енгізу; шаруашылық алқабында агроландшафты ескере отырып жаппай агротехникалық қызмет  жасау; ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қазіргі озық технологияны қолдану.

Бакалавр тек ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі технолог  қана болмайды, ол  онымен бірге менеджер, селекционер, инженер білімін де қамтиды.

Арнайы пән циклінде студент мына пәндерді оқиды: Агрохимия, Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау, Ботаника, Топырақтану және геология негіздері, Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биотехнологиясы, Микробиология, Ауылша-руашылығында машина пайдалану, Экономика және менеджмент, Өсімдік шаруашылығы, Егіншілік, Азық өндіру, Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және  тұқым шаруашылығы, Бақша-жеміс шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы және т.б.

Оқу бітіретін түлектердің кәсіби қызмет жасайтын нысанасы болып: акционерлік қоғамдар, өндірістік бірлестіктер, жауапкешілігі шектеулі серіктестер, фермерлік, және жеке ұжымдақ шаруашылықтар,  ауылшаруашылық бағытындағы фирмалар, және т.б. ауылшаруашылықтық құрылымдар.

050801 – «Агрономия» мамандығын бітіретін түлектер аграрлық сектор шаруашылық субъектілерінде әртүрлі агроном - егінші, өсімдік қорғаушы – агроном, көкөніс және жеміс өндіруші -  агроном, агроном - тұқым өндіруші, тұқым және астық инспекторы, ғылыми – зерттеу институттар  маманы және басқа да агрономдық профилдегі мамандар болып жұмыс жасай алады.

Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін облыс пен қалалардың  басты  мекемелері мен ұйымдарынан жоғары білікті мамандар  шақырылған.

Кафедрада мамандандырылған зертханалар бар. ИСО 9001:2000 сертификаты білім алудың халықаралық стандартының сапалық менеджменті жүйесіне сәйкес келеді. IQNet эксклюзивті таңбасы әлемде сапалық және компетенттілік менеджменттік жоғарғы деңгейінің белгісі болып табылады.

 

Таңдаңыздар, келіп көріңіздер.    

Сіздің қажеттілігіңізге және мүмкіншілігіңізге қарай біз сіздерді күтеміз!


БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

140008 Қазақстан Республикасы

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Агротехнологиялық  факультет

АГРОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ    

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73 (А-132а)

Дайындық  курстары: тел. 67-36-50


 

Certified
by Russian Register