Металлургия, машинажасау және көлік факультеті

«МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙГАЗ ІСІ» КАФЕДРАСЫ

5В070800 «Мұнайгаз ісі»

(бакалавриат)

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Сіздің өміріңізде шешуші кезең, болашақ  өміріңізге қажетті мамандықты таңдау сәті келіп тұр.

С.Торайғыров атындағы ПМУ – біздің облысымыздың ең бірінші сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаттауынан өткен жоғарғы оқу орны.

♦ 5В070800 «Мұнайгаз ісі»

Оқу мерзімі:

- күндізгі – 4 жыл;

- орта кәсіптік білім беруші оқу орындарының (колледж) бітірушілері – 3 жылдан кем емес;

- жоғарғы оқу орындарының бітірушілері – 3 жылдан кем емес.

Оқу бітірген соң мұнайгаз ісінің бакалавры деген академиялық дәреже беріледі.

Мамандыққа мінездеме:

Осы мамандықтың түлектерінің кәсіптік қызметтік объектілері:

- магистральдық, кәсіптік және технологиялық құбырлар;

- сораптық және компрессорлық мұнайгазқотару станцияларын және кәсіптік жабдықтарды, мұнай базаларын және газ қоймаларын, магистральдық мұнай өткізгіштерді және газ торларын жобалау институттары;

- тазалауыш құрылымдар;

- резервуарлық парктарды, мұнайгаз құбырларды және тасымалдауыш жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету;

- жылугаздинамикалық техникалық жиынтықтардың диагностикасы;

- мұнайгаз жиынтықтарының объектілерін сертификаттау және техникалық бақылау;

Дәріс және зертханалық сабақтар заманауи құрылғыларымен, арнайы аспаптармен жабдықталған және компьютерлік сыныптарда жүргізіледі.

Қабылдау шарттары:

Студенттерді қабылдау ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша грант және оқуға төлем ақының икемді жүйесін қарастыратын келісім шарт негізінде жүргізіледі.

Тестілеу төрт пән бойынша жүргізіледі: Қазақстан тарихы, орыс (қазақ) тілі, математика, физика.

5В070800 «Мұнайгаз ісі» мамандығына түссеңіз, Сіз өзіңіздің таңдауыңызға ешқашанда өкінбейсіз. Бұл мамандықтың түлектері  әмбебап және қабілетті мамандар, оларға еліміздің және қаламыздың ірі және кіші зауыттары, кәсіпорындары, фирмалары, банктері және басқа мекемелері сұраныс жасап отыр.

 

Біздің оқу орнын бітіргендер алған біліміне сай өмірде өз орнын табады

ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІСІ СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА!


С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

Металлургия, машинажасау және көлік факультетіне

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасына

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Қазақстан Республикасы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64,

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Академик Шапық Шөкин (бұрынғы Калинин) көшесі 139,

Металлургия, машинажасау және көлік факультеті, 215 каб.

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы.

Біздің байланыс телефондарымыз:

Қабылдау комиссиясы: 67-37-73

ММжКФ деканаты: 67-36-30

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы: 67-36-33

Дайындық курстары: 67-36-50

 


 

Certified
by Russian Register