АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Биотехнология кафедрасы

5B070100 - «Биотехнология» мамандығы

(бакалавриат)

5B070100 - «Биотехнология» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау жүргізіледі. «Биотехнология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандандырулар:

  • Тамақ  биотехнологиясы;
  • Ауыл-шаруашылық  биотехнологиясы.

Биотехнология салалар бойынша маманды дайындау - біздің мақсатымыз!

Оқыту мемлекеттік білім беру гранттары мен  келісімшарт негізі бойынша жүргізіледі. Оқыту бағасын түсіру және жеңілдіктер қарастырылған.

Бізде оқитындар:

  • ҰБТ (комплексті тестілеу) нәтижелері бойынша орта білім беру мектептері.
  • Оқу мерзімі – 4 жыл (күндізгі).

Тестілеу 4 пән бойынша откізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихи;
  • Математика;
  • Биология.

Университетке түскен студенттер әскери қызметін кейінге қалдыра алады.

5B070100 - «Биотехнология»  мамандығы бойынша түлектері:

- организмнiң тiршiлiк әрекетi мен дамуының құрылымдық, биохимиялық, молекулалық, генетикалық және физиологиялық негiздерiн бiлу (биохимия, жалпы және молекулалық генетика, микробиология және вирусология, өсімдіктер мен жануарлар физиологиясы);

- микроорганизмдер, өсiмдiктер мен жануарларды биотехнологияда қолданудың негiздерiн;

- әртүрлі биологиялық объектілерді қолдану арқылы соңғы өнімдерді өндіру технологиясының негіздерін білу (биотехнология өндірісінің негіздері).

- микроорганизмдер, өсiмдiктер мен жануарлар клеткаларын биотехнологияда пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін

- тағам өнiмдерiн өндiретiн өнеркәсiптерде, агропромдық кешендерде, денсаулықты сақтау және экология салаларында биотехнологиялық жүйелер мен процестердi пайдаланудың жолдары мен әдiстерiн білу керек.

Бакалаврлардың  мақсаттары:

- тамақ өнiмдерiнiң негiзгi ингредиенттерiн талдауды жүзеге асыру; шикi заттардың және дайын өнiмдердiң құрамын анықтау;

- микроорганизмдер, жануарлар және өсiмдiктер селекциясы үшiн бастапқы материалдар мәселесiн зерттеу;

- микроорганизмдердiң, жануарлар және өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн олардың генотиптерiне қоршаған сыртқы ортаның факторларын зерттеу;

- микроорганизмдер, өсiмдiктер және жануарлар селекциясының ерекшелiктерiн зерттеу, түрлердi қолға өсiруге үйрету;

- шикi заттар мен дайын өнiмдерге стандарттар құрастыру, оларды сертификаттармен қамтамасыз ету;

- орта оқу орындарында биология және биотехнология негiздерiн оқыту.

Мамандық түлектері  биотехнология өндірістерінің технолог-зерттеуші болып табылады

Профильді пәндер циклы бойынша студенттер төмендегідей пәндерді оқиды: микроорганизмдер битехнологиясы, өсімдіктер биотехнологиясы, жануарлар биотехнологиясы,  биохимия, жалпы және молекулалық генетика, молекулалық биология, микробиология және вирусология, өсімдіктердің физиологиясы, адам және жануарлар физиология, биофизика, микроорганизмдердің биотехнология, генетикалық инженерия, клеткалық және молекулалық биотехнология, инженерлік энзимология, медициналық биотехнология, экологиялық биотехнология, микроорганизмдер биотехнологиядағы құрал-жабдықтар, фиобиотехнологиядағы құрал-жабдықтар, экологиядағы құрал-жабдықтар, т.б.

Түлектердің болашағы және жұмыспен қамтамасыз етілуі

Студенттер мен түлектер оқуын шет елде жалғасытыру, халықаралық оқыту бағдарламаларында, ғылыми жобаларда, сайыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Терең білім деңгейін көрсеткен, шығармашылық жұмысқа бейімділігін танытқан түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады.

  • ҒЗИ, жобалау институттары және ЖОО-ның кіші ғылыми қызметкерлері немесе лаборанттары;
  • биотехнология өнеркәсіптерінің менеджерлері;
  • колледж, лицей мұғалімдері;
  • СЭБ органдарында аға лаборанттар;
  • мемлекеттік стандарт қызметінің қызметкері.

Біздің түлектер облысымыздағы төменгі кәсіпорындарында жоғары сұраныстқа ие: ЖШС «Ромат», ЖШС «Рубиком», ЖШС «ПНТК», ЖШС «Золотой теленок», АҚ «Сүт», АҚ «Роса».

Оқу процесін жүргізу үшін қала мен облыстың жетекші мекемелері мен өндірістерінен біліктілігі жоғары мамандар шақыралады.

Кафедрада арнайы зертханалар бар.

Білім беру жұмыстары халықаралық стандарт бойынша сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001:2000 сертификатына сәйкес.

Халықаралық  IQNet эксклюзивті белгі сапа менеджменті және құзыретті ортада жоғары дәрежесімен танымал.


БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш., 64

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Агротехнологиялық факультеті

«БИОТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ (А1-112)

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73 (132а)

Алдын ала дайындау курстары: тел. 67-36-50


 

Certified
by Russian Register