Ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстар

Биология және экология кафедрасында екі бастамашылық-ізденушілік  тақырыптар жүзеге асырылды.

1. Қазақстанның биологиялық әртүрлігін зерттеу. ҚР ҒТИ. Мемлекеттік тіркеу нөмірі: 0114РК 00251

2. Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы

Биологиянын әртүрлілігін зерттеу үлкен тәжірибелік маңызды, себебі генетикалық әлеуетін бақылауға болады, белгілі аймақта экожүйелердің жағдайын көрсете алады, кейбір түрлердің  менеджмент жүйесін жасау үшін негіз ретінде қызмет етеді

Ол генетикалық әлеуетін сақтау бақылауға мүмкіндік береді, өйткені биологиялық әртүрлілікті бағалау, үлкен тәжірибелік маңызы болып табылады.

Тірі ағзалардың жұмыс істеуін (функциялануын) түсіну үшін және қоршаған ортаның әсерінен өсімдіктер мен жануарлар ағзаларында пайда болатын өзгерістерін білу үшін  жануарлар мен өсімдіктердің морфологиясы мен физиологиясын зерттеудің үлкен маңызы бар

 Ғылыми - зерттеу жұмысының көрсетілген бағыттарында бүкіл профессор - оқытушы құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысады, себебі осы бағыт бойынша әр зерттеуші өз зерттеуімен айналысады.

Биология және экология кафедрасында келесі зерттеу бағыттары (мектептер) құрастырылып және даму алады,  профессор -оқытушы құрамы ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асырады (төлемақы төленетін және бастамашылық тақырыптар бойынша)

1. Жануарлар мен құстардың қансорғыш  қосқанаттылармен күресу мен тиімді заттарды ойлап табу. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор Есімбеков Жұмағали Мүрсәлімұлы болып табылады

2. Алтай және Хангай тауларының орманды өлкесінің фауна мен топырақ мекендейтін жануарлар және  олардың қалыптасуына ірі қара малдың әсері. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор, Монголия академиясының педагогикалық ғылымдарының академигі Ұлықпан Каман табылады.

3. Паразиттік омыртқасыздардың функционалдық морфологиясы. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей гельминтолог қоғамының мүшесі, Халықаралық Гельминтология Қаумдастыығының  мүшесі К.К. Ахметов  табылады.

4. Салыстырмалы және экологиялық физиология. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор  Ш.М. Жұмадина табылады.

5.  Биоәртүрлілігі сұрақтары, экология, цитогенетика, флора мен фаунаны пайдалану тиімді пайдалану және қорғау, қоршаған ортаның антропогендік ластанудың мәселелері және оның жануарлар мен өсімдіктердің популцияларына әсері. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒА академигі, ҚР ЖМ ҒА  академигі  Е.Т.  Ержанов  табылады.

6. Биология және экология кафедрасында Ботаника бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, профессор-оқытушы құрамы келесі бағыттардыы даму жасайды: Павлодар облысының өсімдіктер мен флорасын зерттеу, Қазақстанның альгофлорасын, геоботаникасын, өсімдіктердің антропогендік трансформациясын, Павлодар облысы өндірістік қалаларындағы ағаш және бұта екпелердің ауруларын  (грибные заболевания ) зерттейді.

7. Павлодар Ертіс жағдайларында өсімдіктер биоалуан түрлілігін зерттеу және дәрі-дәрмек қорларының мониторингі. Бағыттың басқарушысы болып биология ғылымдарының докторы, профессор  Т. А. Прозорова  табылады.

Биология және экология кафедрасында коммерциялық жүзеге асыруға бағыталған қолданбалы зерттеулер жүргізіледі: мысалы, тақырып бойынша К.К.Ахметов  басқаруы бойынша «Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына аудит пен қоршаған ортаға әсер етуді бағалауда экологиялық сараптаманы өткізу» жүргізіледі; ҒЗЖ коммерциализациялау нәтижелері беріледі: дезинсекциялық жұмыста биологиялық, экологиялық таза бактериалдық препаратын  қолдану (мысалы, «Бактицид» препаратының жасалуы және Павлодар қаласының Ертіс өзені жағдайында қолдануы). Ж.М. Есімбеков  басқаруы бойынша және оның оқушылары жасаған  зерттеулердің үлкен маңызы бар, Қазақстанда алғаш рет синтетикалық пиретроидтер қолданды (стомозан, блотик, К-отрин, цимбуш, децис, ларвициды виндитат, виоцид, апплауд  және т.б.), қорғаныс әсерін ұзақ коэффициенті кішкентай концентрацияда көрсетті.

2014 жылы келесі ғылыми тақырыптар жасалып, жүзеге асырылды: 

«Қазақ кіші шоқы алқабындағы жануарлардың биологиялық әртүрлілігі мен қоршаған ортаның жағдайы (Орталық және Солтүстік қазақстан), оларды сақтау және теңгерімді пайдаланудың шараларын жасау» -  Н.Т. Ержанов, б.ғ.д., профессор

«Фауна мен флораның биоалуан түрлілігін сақтау және тиімді пайдалану» - Н.Т. Ержанов , б.ғ.д., профессор

«Павлодар облысы ормандарының жағдайы мен орман алқаптарын қорғаудағы біріктірілген кешенді жүйесі» -  Ержанов Н.Т., б.ғ.д., профессор 

 «Протон-М» ЗТ апаттық құлау аумағындағы топырақ пен өсімдіктерді қайта қалпына келтіру серпінін зерттеу»  Н.Т.  Ержанов, б.ғ.д., профессор

«Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына (іс-қимылына) аудит пен қоршаған ортаға әсер етуді бағалауда экологиялық сараптаманы өткізу» - Қ.Қ. Ахметов.,  б.ғ.д., профессор 

«Трематод класының жалпақ паоазиттік құрттарының  тіндік дәне ұлпалық бейімделу механизмдерінің морфофункционалдық ерекшеліктерін зерттеу»   Қ.Қ. Ахметов ,  б.ғ.д., профессор

 «Қазақстан және Моңғолиядағы ірі қара мал басының өсуіне сәйкестіктегі Алтай тау аумағында орман-дала аймағындағы биологиялық әртүрлілік пен ормандарды қалпына келтіру» - Ш.М. Жұмадина, б.ғ.д., профессор

«Павлодар - Ертіс аймағындағы табиғи мұраны (палеонтологиялық)  зерттеу, жүйеге келтіру және сақтау» - Алиясова В.Н.,  мәдениеттану кандидаты

Кафедрада студенттік ұйымдар жүргізіледі: «Физиолог» (бас. – Жумадина Ш.М.), «Ботаник» (бас. – Каденова А.Б.), «Дендролог» (бас. – Жумадилов Б.З., Жумадина Ш.М.), «Паразитолог» (бас. – Булекбаева Л.Т., Калиева А.Б.). Мында студенттер ұнаған бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жасап, кейіннен нәтижелері бойынша жарияланған басылымдарын ғылыми конференцияларға дайындайды (мысалы, 2000 жылдан бастап Торайғыров атындағы ПМУ- да  жыл сайынғы өткізілетін «Сатпаев оқуларында»)

 Көрші және алыс шет ел жоғары оқу орындарымен, институттармен қарым-қатынас жасалынады:

- Албрехт фон Халлер атындағы ботаника институты (экологии кафедрасы), Геттинген Университетімен ғылыми-зерттеу жобасы саласындағы шарт (31.05.2010ж.  шарт);

- Словенияның Люблян тарихи мұражайымен шығармашылық ынтымақтасу (01.01.2010ж.  шарт);

- Новосібір қаласындағы жануалардың экологиясы мен жүйелік институты (20.01.2006ж.  шарт);

- Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік аграрлық университеті ( 05.05.2008ж. шарт);

- ФГОУ ВПО Түмен мемлекеттік ауылшарушылық академиясы, Биотехнологиялар және ветеринарлық медицина институты. ( 03.02.2011ж. шарт);

- - Томск мемлекеттік унтиверситеті (15.09.12ж.  шарт).

- Тюмень мемлекеттік ауылшаруашылық академисяы, ветеринарлық медицина мен биотехнология институты ( 03.02.2011ж.  шарт);

- Томск мемлекеттік университеті (15.09.2012ж.   шарт).

С.Торайғыров атындағы ПМУ жыл сайын студенттерге шетел тілдерінің деңгейі біліктіліктілігін арттыру курстарын жүргізеді  және шетел университеттерінің лекторларын шақырады. 2013 жылы Биология және экология кафедрасына биология және экология қазіргі бағыттары бойынша лекцияларды оқыту үшін  PhD докторы Игнас Сиветс (Словениядан) – омыртқасыз зоология маманы. 2014 жылы б.ғ.д., профессор Бабенко А.С. (Томск мемлекеттік университетінің Өсімдіктерді қорғау кафедрасының жетекшісі) кафедраның студенттеріне, магистранттарға, докторантарға, профессор оқытушы құрамына лекция оқыды.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы әртүрлі конференцияларда белсенді қатысып және өз зерттеулердің нәтижесін ғылыми жинақтарда тек республика бойынша ғана емес, шет елде де жазады.

БжЭ кафедрасының профессор-оқытушы құрамының ғылыми мақала мен монографиясының цитатталатын көрсеткіші : 2013 жылы – шетел журналдарда импакт-факторы бар 8 ғылыми мақала, 2014 жылы – 22 ғылыми мақала (Thompson Reuters, Scopus, РИНЦ және басқа базалар.