Финансово-экономический факультет

Кафедра «Экономическая теория»

050510 «Государственное и местное управление»

(бакалавриат)

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау «Экономикалық теория» кафедрасында 2001-жылдан жүргізіліп келеді. 2004-жылдан аталмыш мамандықтың күндізгі оқу бөлімінің студенттері кредиттік технология жүйесі бойынша оқытылуда. Мұнда әрбір студенттің өзінің білім алу желісін (траекториясын) таңдауға тікелей қатысуына және оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Білім берудің кредиттік жүйесі жаңа заманғы экономиканың барлық талаптарына сай келетін бакалаврларды қалыптастырады.

Орта білім беру мектептерінің бітірушілерін БҰТ немесе кешенді-тестлеу нәтижелері бойынша оқуға қабылдау жүргізіледі. Келісім-шарт негізінде білім алушыларға жеңілдіктердің икемді жүйесі қарастырылған.

Кафедраның оқу үрдісіне Халықаралық Жоғары мектептер Академиясының академигі, әлеуметтік ғылымдар Академиясының вице-президенті, экономикалық ғылымдардың докторы Арын Е., Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетінің «Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор Симонов С.Г.; техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҚЖА-ның экономика доценті, қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т.Я., экономикалық ғылымдардың кандидаттары: профессор Хисматулин Р.А., «Экономика және кәсіпорынды басқару» кафедрасының меңгерушісі, доцент Кунязова С.Қ., «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, доцент Шамрай И.Н., «Қазақтелеком» ПОТД кеңейтілген қызмет көрсету орталығының басшысы, Баяндин М.А., Титков А. секілді жоғары білікті оқытушылар тартылған.

Қазіргі уақытта кафедраға экономикалық ғылымдардың кандидаты, доцент Байтаева Г.Р. басшылық етеді.

Павлодар мемлекеттік университетінде жоғары білімді бакалаврларды даярлау базалық білімі бар, оқытатын пәніне профилі бойынша сай келетін, сонымен қатар ғылыми және оқу-әдістемелік қызметпен, өзінің біліктілігін жоғарлатумен жүйелі түрде айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.

Кафедра Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-мен, ҚМЭБИ-мен (КИМЭП), Букетов атындағы ҚарМУ-мен, Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетімен және басқа да Қазақстанның және ТМД-ның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен үнемі кәсіби байланыста.

 

ДАЯРЛАУ МАЗМҰНЫ

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бакалавриат) мамандығы бойынша жоғары білім туралы дипломын алатын ПМУ-нің бітірушілері университетте оқу уақытында келесі дайындықтардан өтеді:

• Жалпы білім беру пәндері: Философия, Қазақстан тарихы, Информатика, Қазақ (Орыс) тілі, Экология, Құқық негіздері, Саясаттану, Әлеуметтану.

• Негізгі пәндер: Экономисттерге арналған математика, Экономикалық теория, Статистика, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Микроэкономика, Макроэкономика, Бухгалтерлік есеп және аудит, Эконометрика.

• Профильді пәндер: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік сектордағы менеджмент, Муниципальдық менеджмент.

 

ОҚУ МЕРЗІМІ

Оқу мерзімінің ұзақтығы жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу бөлімде – 4 жыл, жоғары кәсіби білім негізінде сырттай оқу бөлімінде оқү мерзімінің ұзақтығы – 2 жылдан кем емес уақытты құрайды.

 

ТҮЛЕК МІНЕЗДЕМЕСІ

Аталмыш мамандық бойынша «мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» академиялық дәрежесін алған түлек игеріп шығады:

  • экономиканы мемлекеттік басқарудың, макроэкономикалық үрдістерді реттеудің және бүкіл халық шаруашылығының тиімді теңдестігін және тұрақтылығын қамтамасыз етудің теоретикалық-әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін;
  • мемлекеттің экономикалық саясатының негіздері және алдағы кезеңдерге мақсатты белгіленімдерді анықтау бойынша ғылыми ұйымдастырушылық жұмыстардың сәйкес әдістерін;
  • халық шаруашылығын және оның салаларын мемлекеттік органдардың басқару қызметінің құрылымы және ұйымдастыру негіздері бойынша білімді;
  • облыстардың, аудандардың және қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларын даярлау әдістемесін;
  • әлеуметтік инфрақұрылымдар салаларының дамуын болжаудың және жоспарлаудың ұйымдастырушылық негіздерін және әдістерін.

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ӨРІСІ

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін түлектердің кәсіби қызмет объектісі бола алады:

* Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі;

* Қазақстан Республикасы Парламентінің аппараты;

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері (министрліктер, агенттіктер, департаменттер);

* Жергілікті және муниципальдық басқару органдары (ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық);

* Ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалары.

Көптеген студенттердің өндірістік, диплом алдындағы тәжірибелерден сәтті өткен және оң рекомендациясы болған жағдайда дипломдық жұмысын (жобасын) қорғағанға дейін мамандығына сай жұмысты (жұмыс орынды) болуға мүмкіндігі болады.

Аталмыш мамандық бойынша жоғары кәсіби білімнің білім беру бағдарламасын табысты игерген түлектер экономикалық бағыттар бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

 

БІЛІКТІЛІК

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша толық курсты табысты өткеннен кейін түлектерге «Мемлекеттік басқарудың бакалавры» академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

 

Бізге оқуға түсіңіз!!!

 


Біздің мекен-жайымыз:

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

Қаржы – экономикалық факультеті

«Экономикалық теория» кафедрасы

Павлодар қаласы Ломов көшесі 64, №524 кабинет тел: 67-36-46

Қосымша ақпараттар бойынша келесі мекен-жайға хабарласыңыз:

Павлодар қаласы Ломов көшесі 64,

Қабылдау комиссиясы: тел.67-37-73 №132а кабинет

Дайындық курстары: тел: 67-36-50

 


 

Certified
by Russian Register