Қаржы – экономикалық факультеті«Қаржы» кафедрасы5B050900 «Қаржы» (бакалавриат)6М050900 «Қаржы» (магистратура |
Қаржы саласында студенттерді дайындау университетте 1995 жылдан бері жүргізіледі. 2009 жылдан бастап Қаржы мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврларының дайындалуы жүзеге асырылады.
Жоғары білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялаумен байланысты С. Торайғыров атындағы ПМУ-де студент өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруда дербес қатысатын, яғни бүкіл оқу кезеңіне білім траекториясын өзі анықтайтын білім берудің кредиттік технологиясы енгізілген. Оқытудың кредиттік жүйесінің артықшылықтары білім беру саласындағы әлемдік тәжірибемен расталған. Білім берудің кредиттік технологиясын қолдану қаржылық және экономикалық жүйелердің әр түрлі сфераларындағы кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті бакалавларын дайындауға бағытталған.
Жоғары білімі бар бакалавларды дайындау оқытылатын пәндер профиліне сәйкес базалық білімі бар және жүйелі түрде ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстармен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Кафедраның оқу үрдісіне жоғары мамандандырылған оқытушылар – республиканың алдыңғы қатарлы ЖОО-ның экономика ғылымның докторлары, профессорлар Е.Б. Жатканбаев, М.М. Бегентаев, э.ғ.к, доценттер Н.С. Кафтункина, И.Н. Шамрай, Р.И. Смагулова, С.К. Кунязова, Л.А. Попп, С.С. Донцов, А.Б. Утебаева, А.Р. Салихова, э.ғ.к, аға оқытушы Ю.П. Шеломенцев, аға оқытушылар Л.А. Шафеева, С.Р. Дюсембекова, А.Н. Ксембаева, И.Н. Голодзе, И.Т. Имангалиева, Г.К. Байжапарова, А.М. Аблязова, А.Х. Амерханова және басқа оқытушылар жұмылдырылады.
Қазіргі уақытта кафедраны э.ғ.к., доцент Н.С. Кафтункина басқарады.
Студенттермен тәжірибе мамандары, ірі кәсіпорындардың бас мамандары мен банк саласының тәжірибелі қызметкерлері, департамент басшылары: Л.И. Васюкявичене, Т.С. Зеленская, А.М. Бисекеева, Л.И. Исенова - жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары магистранттармен және студенттермен бірлесе ынтымақтастық жөніндегі келісіммен бекітілген зерттеулерге ғылыми бағдарламалар әзірлейді.
ДАЙЫНДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ
С. Торайғыров атындағы ПМУ-де білім алу кезінде 5B050900 «Қаржы» мамандығы экономика және бизнес бакалаврларының студенттері жалпы білім беру, базалық және кәсіби пәндер бойынша міндетті дайындықтан өтеді. Қаржы бакалавры:
БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР циклы бойынша экономикалық теория негіздері мен экономикалық заңдары саласында, микро- және макроэкономика, менеджмент, кәсіпорын экономикасы, ақша және несие, қаржы теориясы, мемлекет және бизнес байланыстарының, статистикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерінің, бухгалтерлік есеп, эконометрика және т.б. мәселелері бойынша;
КӘСІБИ ПӘНДЕР циклы бойынша сақтандыру, корпоративтік қаржылар, банк ісін ұйымдастыру, есептік, валюталық операцияларды енгізу, тәекелдерді басқару, салық салу теориясы мен тәжірибесі, мемлекеттік бюджет, қаржылық менеджменттің стратегия мен тактика, инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру, инвестициялық жобалардың нәтижелілігін талдау, қаржылық нарықтағы операцияларды ұымдастыру салаларында білікті болуы қажет.
Мамандық бойынша дайындаудың артықшылықтары
Қаржы саласындағы бакалаврларды дайындау үрдісі «Қаржы» кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәріс, тәжірибелік, лабораториялық және семинар сабақтарын жүргізудің әдістері мен формалары үнемі жетілдіріліп отырады.
Студенттер ЖОО-мен, халықаралық ұйымдар мен қорлар өткізетін ғылыми жұмыстарға: семинарларға, конференциялар мен байқауларға қатысу мүмкіндіктері бар.
Осы байқаулардың жүлдегерлері байқауды ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен және стипендияларымен марапатталады. Жақсы оқу мен шетел тілін меңгерген жағдайда 2-4 курс студенттерінің шет елдерде: Англияда, АҚШ-да, Австралияда, Германияда және т.б. елдерде білім алу мүмкіндіктері бар. Кафедра оқытушылары мен студенттерінің алдынғы қатарлы жоғары оқу орындары: Аль-Фараби атындағы ҚазГУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, ХЭҚҚИ, Букетов атындағы ЌарМУ және басқаларымен ұзақ жылдық және жемісті қарым қатынастары бар.
Оқу кезінде студенттер қала жєне облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында, ірі банктер филиалдарында, қазыналық басқармада, қаржы департаментінде, сақтандыру компанияларында, зейнетақы қорларында және басқаларында оқу және өндірістік тәжиребелерін өтеді.
Түлектер республикалық және территориялық деңгейдегі мемлекеттік органдарда: Ұлттық банкте, Қаржылық қадағалау агенттігінде, әр түрлі министрліктер мен ведомствалардағы экономикалық кызметтерде, бюджеттік ұйымдарда, инвестициялық қорларда, кәсіпорындарда, қаржы полициясында және басқаларда жұмыс істей алады.
Оқу бітірген соң «Қаржы» мамандығының бітіргенсоң студенттерікәсіби және ғылыми-педагогикалық бағыттар. Жоғары оқу орнының магистратурасында оқуды жалғастыра алады және «Қаржы мамандығы бойынша экономикалық ғылымдар магистры». Жоғары оқу орнын бітірген соњ студенттер оқуын магистратурада жалғастыра алады.
ОҚУ МЕРЗІМІ
Жалпы орта білім негізіндегі оқу – күндізгі – 4 жыл.
Орта кәсіби білім негізіндегі оқу – күндізгі, сырттай – 3 жылдан кем емес.
Жоғары кәсіби білім негізіндегі оқу – сырттай – 3 жылдан кем емес.
Келісім-шарт негізіндегі оқуларда женілдіктер қарастырылады.
МАМАНДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Осы мамандықтың түлегі – бұл меншік пен қызмет салаларының түрлеріндегі кәсіпорындарында, қаржылық органдарында, сақтандыру және банктік ұйымдарында, бағалы қағаздар нарығында басқарушылық кәсіпкерлік, коммерциялық қызметін жүзеге асыра алатын, қаржыны басқарумен және ұйымдастырумен, ақша-несиелік және фискалды саясатты жүргізумен айналыса алатын бакалавр. Бакалаврлар компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізуіне, табыстардың өсуіне, шығындар мен тәуекелдердің төмендеуіне әрекет етуі, сапалы қаржылық қызметтерді ұсынуы керек.
«Қаржы» мамандығының түлегі оқуын аяқтаған соң:
- қазіргі заманғы заңдар жиынтығын, нормативтік және басқа да құқықтық құжаттарды;
- қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді ұйымдастырудың негіздерін;
- қаржы-банктік жүйенің теориялық және тәжірибелік аспектілерін;
- өзінің кәсіби және әлеуметтік қызметінде білімдері мен дағдыларын қолдану;
- аналитикалық жақындауды талап ететін қызметтерде өздігімен жұмысты
біледі және істей алады;
- ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің компьютерлік әдісінің;
- қаржы және қаржылық қатынастар саласындағы кәсіби білімдердің;
- қаржы-бюджеттік саладағы, банктік және сақтандыру ісінде, салық салу саласында тәжірибелік жұмысының
дағдылары бар;
- мемлекеттің қаржы-банктік заңнамалары, ақша-несиелік және фискалды саясат;
- шаруашылық тәжірибеде экономикалық талдау әдістерін қолдану;
- отандық шарттарға позитивті шетелдік тәжірибенің жалпылауы мен бейімделуі
мәселелерінде білікті.
БІЛІКТІЛІК
Оқудың толық курсы ойдағыдай өткен соң түлектерге 5B050900 «Қаржы» мамандығы экономика және бизнес бакалаврының академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
«ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙ ОТЫРЫП – СІЗ ТҰРАҚТЫ КЕЛЕШЕКТІ ТАҢДАЙСЫЗ!
Сіздерді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне шақырамыз!
Біздің мекен-жайымыз:
Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64
«Қаржы» кафедрасы, А-511, тел. (8-7182) 67-36-43 (ішкі 1-172)
Қабылдау комиссиясы:
Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, тел. (8-7182) 67-37-73, А-132а
Дайындық курстары:
Павлодар қаласы, Ак. Шокин көшесі, 139, тел (8-7182) 67-36-50, 202 каб.,
E-mail: www.psu.kz
Төртінші тестілеу пәні – география
|
Certified
by Russian Register |