5B070400 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ
|
БАКАЛАВРДЫ ДАЙЫНДАУ БАҒЫТТЫҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ:
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Мемлекеттік лицензиясы АА № 0000038
Осы мамандықта оқып, студенттер адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты өңдеу және басқарудыњ компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне үйренеді.
Өнеркәсіптік есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Экономикадағы есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандандыру бағыттармен жүзеге асады.
Кәсіпшілік қызметтің объектілері
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықты бітірушілерінің:
- есептеуiш техника құралдарын және ақпараттық жүйелердi (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) бағдарламалық қамтамасыз етуiн өңдеу және бақылап отыру;
- ақпаратты өңдеуi және барлық деңгейлердi басқарудың есептеуiш жүйелерiнiң әкiмдiк етуi;
- барлық деңгейлердi автоматтандырудың жүйелерiмен басқару;
- есептеу машинасын, кешендерін, жүйелерді және желiлердi жөндеу және қызмет көрсету.
Бітірушілердің академиялық дәрижесі – бакалавр - жүйетехнигі
Бітірушілердің мамандығы – бакалавр—есептеуіш техника және бағдарламалау.
Бакалавр адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне ие болады.
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының түлектері келесі лауазым бойынша жұмыс істей алады:
- жоғары білікті маман категориясыз;
- жоғары білікті маман екінші категориялы;
- жоғары білікті маман бірінші категориялы;
Студенттермен оқуды өте білікті жоғары оқутышылар жүргізеді олардың ғылыми – педагогикалық және өндірістік қызмет бай тәжірибелері бар. Кафедрада 1 профессор, 2 техника ғылымының кандидаттары, доценттер, 7 магистр жұмыс істейді. Қаланың ірі өндірістерінен білімі жоғарғы мамандар студенттерді оқытуға шақырылады.
Кафедраны басшылық ететін – профессор, академия ғылымының корреспондент мүшесі Потапенко Олег Григорьевич.
Кәсіпшілік қызметтің түрлері:
- барлық компьютерлік жүйелердің түрлерін жөндеу
- жобалы-конструкторлық;
- өндірісті – технологиялық;
- тәжірибелі – зерттемелік;
- ұйымды – басқарулық.
Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда мен ұйымдарда есептеу техникасын нығайту және қолдану бітірушілердің кәсіпкерлік қызметтік саласы болады. Сонымен қатар біздің түлектер Қазақстандық кәсіпорындарда жүргізуші маман болып, бұл – АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Қазақстан алюминийі», АҚ «ПМХЗ», АҚ ТНК «Казхром», ЖШС «Кастинг» және т.б. жұмыс істейді.
Оқу мерзімі
- жалпы орта білім негізінде оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл
- орта кәсіптік білім негізінде оқу мерзімі: күндізгі, сырттай – 3 жылдан кем емес.
Оқу мемлекеттік білім алатын гранттармен немесе келісім шарт негізінде, жеңілдіктердің иілгіш жүйесі және жеңілдіктерді ескеру арқылы жүргізіледі.
Біздің университетіміздің ИСО 9001-2000 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартының талабына сай және сертификатпен дәлелденген, бұл біздің аймағымызда алғашқы рет, 2006ж. 23 қаңтардан бастап берілген.
Біздің мекен жайымыз:
140000 ҚР, Павлодар қ., Ломова к-сі, 64, С.Торайғыров ат. ПМУ, №329 ауд., тел. 67-36-46
Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73, 132а каб.
Дайындық курстары: тел. 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |