Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы

5B070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Бакалавриат

6M070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Магистратура


Кафедра 03.02.2010ж. АБ №0137359  лицензиясына сәйкес 5B070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР мамандығы бойынша IT – мамандарын даярлайды.

Оқу мерзімі:

Жалпы орта білім негізінде — 4 жыл (күндізгі оқу түрі);

Орта кәсіптік білім негізінде — 3 жылдан кем емес (күндізгі, сырттай оқу түрі). 

Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

Әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары.

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- Ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің -өзін жобалау мен жасау;

- ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару;

- ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын жобалау және басқару;

ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерінің ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыздануын сүйемелдеу.

Мамандықтың стандарты бойынша келесі пәндер оқылады: Алгоритмдеу және программалау тілдері, АЖ негіздері, Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, Схемотехника, Программалау технологиясы, Деректер базасының жүйесі, Компьютерлік моделдеу негіздері, Экономика және өндірісті ұйымдастыру, WEB технологиялары, Компьютерлік желілер.

  • Экономикадағы
  • Юриспруденциядағы
  • Білім берудегі
  • Инженерлік қызметтегі ақпараттық жүйелер мамандандырылуына  сәйкес пәндерді таңдауға мүмкіншілік бар: Экономикалық есептеулердің (автоматтан-дырылған жобалаудың математикалық есептеулердің) бағдарламалық құралдары, Сандық әдістер, Бухгалтерлік есеп және  аудит, Интеллектуалды ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелерді жобалау,   Жаңа ақпараттық желілік технологиялар, Ақпараттық маркетинг (менеджмент), АЖ сенімділігі, Экономикалық АЖ мәліметтерді талдау, Ақпараттық қауіпсіздіктің құқықтық қамтамасыздандыруы, Мульти-медиялық жүйелерді жобалау және құру, Ақпаратты өңдеу әдістері, Юриспруденциядағы кәсіби-бағытталған ақпараттық жүйелер, 1:С платформасында бағдарламалау, Компьютерлік графика.

5B070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша жоғары білім алған студенттер келесі  қызметтерді атқара алады:

  • программист, WEВ-программисі;
  • ақпараттық жүйелердегі мәліметтер қорының администраторы;
  • жүйелік аналитик;
  • компьютерлік желілердегі администратор;
  • компьютерлік желілер қауіпсіздігі және қорғау облысындағы маман;
  • ақпараттық технологияларымен байланысты басқа лауазымдар.

Кафедрада 5 ғылым докторлары және 6 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың педагогикалық, ғылыми және тәжірибелік көпжылдық өтілімдері үлкен. Студенттерді оқыту жаңашыл оқу және ғылыми-зерттеу лабораторияларында жүргізіледі. Кафедрада 50 астам ПК, олар WWW, Telnet, Email, ICQ, IRC сияқты қызметтерге қосылған Internet желісі бар. 

Кафедрада «Жаңа ақпараттық желілік технологиялар», «Бағдарламалау» студенттік  ғылыми үйірме жұмыс iстейдi.

Студенттердің ең жақсы жұмыстары халықаралық және аймақтық конференцияларда баяндалады, көптеген жарыстарға қатысып, дипломдар сый ақыларға ие болды. Біздің студенттер ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета» Харықаралық олимпиадаға қатысып, дипломдармен марапатталды.

Жоғары кәсіптік білім бағдарламаларын табысты меңгерген түлектер әрі қарай оқуды магистратурада жалғастыра алады. Кафедра 6М070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР мамандығы бойынша түлектерді дайындайды:

Оқу мерзімі:

2 жыл (бакалавриат негізінде).

Біліктілігі: ақпараттық жүйелер магистрі

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы мемлекеттік білім гранты негізінде, шығынның толық компенсациясы жағдайында  студенттерді дайындайды.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тестілеу пәндері:

  • Қазақ/орыс тілі
  • Қазақстан тарихы
  • Математика
  • Физика

 

«Ақпараттық жүйелер» мамадығының түлектері – бүгінгі күні еңбек нарығында жоғары сұраныспен қолднатын және болашақта үлкен перспективасы бар мамандар.

Оқуға бізге келіңіздер!

 

Біздің мекен-жайымыз:

Павлодар қ, Ломов к, 64 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Деканат: (7182) 67-36-51 (11-71)

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы: (7182) 67-36-87 (11-25), каб. A1-102

С.Торайғыров атындағы ПМУ білім беру порталы: www.psu.kz

Қабылдау комиссиясы: 140008, Павлодар қ, Ломов к-і, 64, А-132а каб, тел. 67-37-73

Дайындық курстары: Ак.Шокин к-і, 139, 202 каб., тел. 67-36-50

 


 

Certified
by Russian Register