ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЗИКА ЖӘНЕ АСПАП ЖАСАУ КАФЕДРАСЫ

МАМАНДЫҒЫ: 5B071600 – АСПАП ЖАСАУ

бакалавриат

Кафедра төмендегі мамандықтары бойынша бакалавр және магистрлерді дайындайды: 5В071600 – Аспап жасау - бакалавр

Бізге түсуге болады:

* орта жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тест нәтижелері бойынша. Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл;

* берілген бағыт бойынша білім алған орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектеріне. Оқу мерзімі: 3 жыл және одан жоғары.

Оқу мемлекеттік грант бойынша қазақ және орыс тілдеріңде жұргізіледі немесе келісім шартпен оқитындарға жеңілдіктер қарастырылады.

Бакалавр түлектері аспап жасаудың бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Магистрдің оқу мерзімі: 1,5 - 2 жыл (күндізгі оқу негізінде).

Магистратураны бітірген түлек аспап жасаудың магистрі біліктілігін алады.

Қауіпсіздік, әртүрлі объектілердің диагностикасымен байланысты өнімнің сапасы басты мәселелер болып табылады. Осы мәселелерді шешудің жолдарының бірі – бұзбай бақылау мен диагностика құралдары мен әдістерін өңдеу және өндіріске ендіру.

Қазіргі уақытта медициналық, техногендік, криминалистикалық және экологиялық төрт ірі диагностикалық бағыттар дамуда.

♦ Барлық Қ.Б. және диагностикалық бағыттар ішінде бүкіл әлемде сату көлемі бойынша бірінші орында медициналық диагностика.

♦ Қазіргі уақытта қолдануы бойында 2-ші орында, бақылаудың 100-ден аса физикалық тәсілдерін пайдаланылатын техногендік диагностика әдістері мен жабықтары.

♦ Техникалық диагностика энергетиканың, машина жасаудың, сондай-ақ қорғау, ядролық, биологиялық, химиялық, космостың, мұнай-газ өндеу (өндіру) және т.б. объектілердің күрделі техникалық жүйелерінің қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін керек.

Криминалистикалық және әскери диагностика даму үстінде. Қару, жарылғыш заттар, наркотиктер, радиактивті сәулеленудің көздерін, көптеген жалған документтерді мен банкноттарды тауып алу, территория күзеті, белгілі бір адамды бақылау және т.б. бүкіл әлемнің басты мәселелері болып кетті.

Экологиялық диагностика – бұл жер қыртысын, су ортасын, атмосфераны, космосты кеңістікті, технологиялық үрдісті, авария және катастрофа нәтижелерін және т.б. диагностикалау.

Оқу бағдарламасына байланысты “Аспап жасау” мамандығы негізінде түлектердің кәсіби іс-әрекеті келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

● Заттар мен бұйымдарды талдау мен бақылаудың физикалық әдістер мен құралдары;

● Биотехникалық және медициналық аспаптар мен жүйелер;

● Ақпараттық-өлшеуіштік техника және технология;

● Аспап жасау, автоматтау жүйелерінің аспаптарын жөндеу;

● Авиациялық аспаптар мен өлшеуіштік-есептегіштік кешендер;

● Электрондық жүйелер мен технологиялар;

● Электрондық машина жасау;

● Мехатроника және робототехника.

Осы мамандықтың түлектері жұмыстардың келесі түрлерімен айналыса алады:

Ғылыми-зерттеушілік: заттар мен бұйымдарды бақылаудың және талдаудың физикалық әдістерін өңдеу мен зерттеу;

Жобалау -конструкторлық: құрал дарды, жүйелерді, кешендерді жобалау, бағдарламалық қамсыздандыру және ақпаратты-өлшеуіш технологияларды өңдеу;

Өндірісті технологиялық: заттар мен бұйымдарды бақылау және талдау қуралдары мен жүйелерін өндірістік үрдісте күту мен пайдалану; аналитикалық мәселелерді шешуде, сонымен қатар технологиялық үрдістерді басқаруда қазіргі заман физикалық әдістері мен құралдарды заттарды шапшаң бақылау мен талдауға еңгізу.

Бұл мамандықпен жұмысқа орналасу қиын болмайды!!!

Қазіргі уақытта заттарды бақылау мен талдаудың әдістері мен құралдарын өңдеу мақсатында жұмыс жасайтын орындарда оларға сұраным көп. Олар өндірістіқ кәсіпорындарда (орталық зауыт лабораторияларында), ғылыми-зерттеу институттардағы, санитарлық және экологиялық бақылауды ұйымдастырудағы жұмыстарда және білім беру орындарында жұмыс істей алады. Аса дарынды түлектер Қазақстанда, сонымен қатар шет елдерде де магистратура мен аспирантурада оқуларын жалғастыра алады.

  • Университет және кафедраның беделі түлектердің өз мамандығы бойынша жақсы жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
  • Біздің университетіміздің сапа менеджмент жүйесі ICO 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес, ол біздің аймақта 2006 жылдың 23 қаңтарында алғаш берілген IQNet №06, 022, 026 сертификатымен бекітілген.
  • Құрметті талапкерлер, біздің мамандықта талапты студенттер де, білімді оқытушылар да бар!

 

Біздің  мекен-жайымыз:

Павлодар қаласы,  Ломов к-сі, 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ

Физика және аспап жасау кафедрасы: (8-7182) 67-36-26 (ішкі 1170)

Қабылдау комиссиясы: Ломов көшесі, 64, каб. 132а, тел. (8-7182) 67-37-73

Дайындық курстары: (87182) 67-36-50



 

Certified
by Russian Register