ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА ЖӘНЕ АСПАП ЖАСАУ КАФЕДРАСЫ
5B060400 мамандығы «Физика»
(бакалавриат)
Физика және аспап жасау кафедрасы келесі мамандық бойынша жоғары біліктілі мамандарды даярлайды:
5В060400 – Физика - бакалавр
Бізге түсуге болады:
* орта жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тест нәтижелері бойынша.
Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл;
Мемлекеттік грант немесе келісім шартпен оқығандарға жеңілдіктер қарастырылады.
Түлектер физика бакалавры академиялық дәрежесін алады.
Бұл мамандандырудың түлектері физикамен қатар, ғылыми және практикалық жұмысқа қажет деңгейде шетел тілін меңгереді.
Түлектер 6M060400-«Физика» мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға болады.
Профессор-оқытушы құрам
Бүгінгі таңда кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 2 ғылым докторы, профессор, 6 ғылым кандидаты, доценты, 7 магистр.
Материалды-техникалық база
Кафедра, физика курсының барлық бөлімдері бойынша, жақсы жабдықталған арнайы оқу зертханаларына ие. Зертханалық жабдықтауды жаңарту және қайта жабдықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.
Қазіргі кездегі талаптарға сай кафедрада физикалық процестерді компьютерлік нобайлау зертханалары (виртуалды зертханалар) жасалынды.
050604 – Физика мамандығы бойынша бітурішілерінің кәсіби қызметінің типтік міндеттеріне:
- физикалық құбылыстар мен процесстердің ғылыми зерттеулерін тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз ету және нәтижелі жүргізу;
- білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарларын қабылданған білім стандарттарының талаптарына сай іске қосуы жатады.
Кәсіби қызметінің бағыттары
Физика баклаврының кәсіби қызметті:
- физикалық заңдылықтарды тағайындауына және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін жасауына, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге қазіргі теориялық, эксперименттік және сандық ғылыми зерттеу әдістерін қолдануына;
- физиканың ең жаңа даму процесіне сәйкес ғылыми зерттеу әдістерін қолдану мен жетілдіруіне және олардың практикада пайдалануына;
- білім беру процесінің мазмұнын, әдістерін және технологияларын қолдануы мен жетілдіруіне;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалануына, оларды өндіріс пен орта және жоғары орындврының оқыту процесіне ендіруіне;
- ғылыми зертеулерінде, басқарушы-ұйымдастырушылық және және оқыту-педагогикалық іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануына бағытталған.
Кәсіби қызметінің мазмұны
Физика бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны:
Ғылыми-зерттеушілік пен ғылыми-практикалық іс әрекеттерінен құралды: қажетті ғылыми зерттеу әдістерін таңдау және жаңа әдістерді, теорияларды және моделдерді меңгеру; физикалық құбылыстар мен процестердің теориялық және эксперименттік зерттеулері;
әр түрлі физикалық құрылғылар, құралдар және жабдықтарды жобалау мен дайындау; ғылыми-ерттеу нәтижелерін қазіргі деңгейде математикалық және компьютерлік әдістерді қолданып өндеу және оларды талдау; ғылыми мақалаларды жвзу және басып шығару, ғылыми конференцияларға ғылыми есебімен қатар, баяндамалар дайындау.
Педагогикалық қызметті: орта оқу орындарында физиканы оқыту; физиканың мазмұны орта оқу орындары бағдарламасында сәйкес құрастыру, әдістемесі мен технологиясын жасау, оқу-әдістемелік құжаттарын дайындау.
Басқарушы-ұйымдастырушылық қызметті: зерттеулер мен оқу-тәрбие процестерін тиімді басқаруды ұйымдастыру, ізденістер мен өндеу жұмыстарын жүргізу; сапа менеджментінің халықаралық жүүйесін ИСО 9000: 2000 стандарттарына сәйкес еңдіру.
Өндірістік-технологиялық қызметті: жобалау-конструкторлық құжаттарын жасау, өндірістік-технологиялық процестерінің күйлерін бақылау.
Бұл мамандық бойынша түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
“Физика”, мамандығы бойынша физика саласында кәсіптік негізгі жоғары білімді бітіруші өндірістік-технологиялық процестерді, жалпы орта, бастапқы және орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі білімдік мекемелерінде оқу-тәрбиелік процестерді, институттар мен лабораторияларда ғылыми зерттеу жұмысын және фирмалар мен компанияларда өндірістік - басқарушылық процестерін қамтамасыз ету үшін өндірістер мен бірлестіктерде жұмыс істеуге дайындалған, сонымен қатар, ол жалпы орта және арнайы орта білім оқу орындарында физика оқытушысы, аға лаборант, І, ІІ және жоғары категория маманы қызмет түрлерін орындай алады.
Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедра қызметкерлері ұстаздық қызметпен қатар, физиканың және физиканы оқыту әдістемесінің түрлі салаларында ғылыми зерттеулер өткізіп жатыр. Физика кафедрасы қала және облыс оқу мекемелерімен тығыз байланыста, физика бойынша олимпиадаларды дайындауда және өткізуде қатысады.
Студенттер - физиктер командасы 2002 жылы Республикалық студенттік олимпиадада физика бойынша – екінші орынға және информатика бойынша – бірінші орынға, 2003 жылы – физика бойынша бірінші орынға ие болды.
Физика пәні бойынша Республикалық олимпиада 2004 жылы С. Торайгыров атындағы ПМУ-де өткізілді. 2007-2010 жж. өткен аймақтық студенттік олимпиадада университеттік команда сөзсіз бірінші орынды иеленді.
- Университет және кафедраның беделі түлектердің өз мамандығы бойынша жақсы жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
- Біздің университетіміздің сапа менеджмент жүйесі ICO 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес, ол біздің аймақта 2006 жылдың 23 қаңтарында алғаш берілген IQNet №06, 022, 026 сертификатымен бекітілген.
- Құрметті талапкерлер, біздің мамандықта талапты студенттер де, білімді оқытушылар да бар!
Пошта мекен-жайы:
Павлодар қ., Ломов к-сі, 64, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 313 ауд.
E-mail: fizmat@psu.pvl.kz
Қабылдау комиссиясы: (8-7182) 67-37-73 каб. 132а
Физика және аспап жасау кафедрасы: (8-7182) 67-36-26 (ішкі 1170)
Дайындық курстары: (8-7182) 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |