Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы

5B060200 – ИНФОРМАТИКА
Бакалавриат

6M060200 – ИНФОРМАТИКА
Магистратура


Кафедра АБ №0137359 (03.02.2010) лицензиясына сәйкес 5B060200 – ИНФОРМАТИКА мамандығы бойынша оқуға қабылдап, IT-мамандарды даярлайды.

Оқу мерзімі:

Жалпы орта білім негізінде — 4 жыл (күндізгі оқу түрі);

Орта кәсіптік білім негізінде —3 жылдан  кем емес (күндізгі, сырттай оқу түрі). 

Біліктілігі: Информатика бакалавры.

Кәсіби қызметінің саласы:

- қолданбалы математиканың және компьютерлік технологиялардың әдістерін қолданатын салаларда зерттеу жұмыстарын орындау;

- қазіргі ақпараттық технологиялардың, аймақтық және ауқымды ақпараттық желілері мен Internet-технологиялардың даму тенденция сына сәйкес мекеменің тиімді қызмет атқаруын және басқаруын қамтамасыз ету;

- орта, кәсіптік білім беру мекемелерінде, IT-технологиялар оқу орталықтарында  педагогикалық  қызмет ету.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу қызметі: аппараттық программалық кешендер мен жүйелердің әдістерін, алгоритмдерін, программаларын талдау, теориялық және эксперименталдық

- өндірістік-технологиялық қызметі: ЕЖ, автоматтандырылған жүйелердің компоненттерін құру және белгіленген уақытта белгіленген сапамен программаларды және программалық кешендерді жасау; аппараттық және программалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендерін және тораптарын қомақтау;

- ұйымдастырушылық-басқару қызметі: технологияларды таңдау, программалық-аппараттық іске асыру және ЕТ құралдарын зерттеу мақсатында құбылыстардың, үрдістердің және жүйелердің математикалық модельдерін таңдау және өзгерту; ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық, қызметтерде, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқаруда және адам қызметінің гуманитарлық саласында, математикалық модельдерді;

- жобалау-конструкторлық қызмет: белгіленген уақытта белгіленген сапамен кәсіптік қызметтің объектілерін дайындау үрдісін бағалау, бақылау және басқару; кәсіптік қызметтің объектілерін дайындаудың үрдісін ұйымдастыруда ЕТ технологиясы, аспаптық құралдарын және құралдарын таңдау;

- білім саласындағы қызметі: оқу үрдісіне жаңа компьютерлік технологияны жасау және енгізуді, жобалау; орнатылған стандартқа сәйкес жабдықтар мен технологиялар, қазіргі әдістер негізінде оқу әдістемелік материалдар жасау.

Бітірушілер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: программалаушы, WEB–программисі,   кәсіпкерлік-құрылымдарда және басқару ұйымдарында мәліметтер қорын жобалаушы; есептеу және компьютерлік орталықтарда, компьютерлік желілерде жүйелік администраторы, информатика және компьютерлік цикл оқытушысы, компьютерлік цикл қызметі, информатик, білім беру мекемелерінде және IT-технологияларын кәсіптік қолданумен байланысты қызметтерді атқара алады.

Кафедрада 5 ғылым докторлары және 6 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың педагогикалық, ғылыми және тәжірибелік көпжылдық өтілімдері үлкен. Студенттерді оқыту жаңашыл оқу және ғылыми-зерттеу лабораторияларында жүргізіледі. Кафедрада 50 астам ПК, олар WWW, Telnet, Email, ICQ, IRC сияқты қызметтерге қосылған Internet желісі бар. 

Кафедрада «Жаңа ақпараттық желілік технологиялар», «Бағдарламалау» студенттік  ғылыми үйірме жұмыс iстейдi.

Студенттердің ең жақсы жұмыстары халықаралық және аймақтық конференцияларда баяндалады, көптеген жарыстарға қатысып, дипломдар сый ақыларға ие болды. Біздің студенттер ақпараттық технологиялар саласындағы «IT-Планета» Харықаралық олимпиадаға қатысып, дипломдармен марапатталды.

Жоғары кәсіптік білім бағдарламаларын табысты меңгерген түлектер әрі қарай оқуды магистратурада жалғастыра алады. Кафедра 6М060200 – ИНФОРМАТИКА мамандығы бойынша түлектерді дайындайды:

Оқу мерзімі:

2 жыл (бакалавриат негізінде).

Біліктілігі: информатика магистрі

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы мемлекеттік білім гранты негізінде, шығынның толық компенсациясы жағдайында  студенттерді дайындайды.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Тестілеу пәндері:

  • Қазақ/орыс тілі
  • Қазақстан тарихы
  • Математика
  • Физика

 

«Информатика» мамадығының түлектері – бүгінгі күні еңбек нарығында жоғары сұраныспен қолднатын және болашақта үлкен перспективасы бар мамандар.


Оқуға бізге келіңіздер!

 

Біздің мекен-жайымыз:

Павлодар қ, Ломов к, 64 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар  факультеті

Деканат: тел.  67-36-51 (ішкі 11-71)

«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы: тел. 67-36-87 (ішкі 11-25), А1-102 каб.

С.Торайғыров атындағы ПМУ білім беру порталы  www.psu.kz.

Қабылдау комиссиясы: 140008, Павлодар қ, Ломов к-і, 64, А-132а каб, тел. 67-37-73

Дайындық курстары: Ак.Шокин к-і, 139, 202 каб., тел. 67-36-50



 

Certified
by Russian Register