«Журналистика» кафедрасы

Мамандық 5B050400 – Журналистика (бакалавриат)


Университеттегі журналистік білім жүйесі тарихи-гуманитарлық, қоғамдық-экономикалық және тікелей журналистік үш циклді пәндерден құралған.  Оқу барысында ғылыми жетекшілер мен тәжірибелі мамандар  болашақ журналистке қажетті білім және тәжірибе береді. Студентердің өзіндік қабілеттіліктерін шыңдап, алғашқы қадамдарының негізін қалайды. 3,4 курс студенттері диплом алдындағы өндірістік, практикалардан өтеді. Практика өтетін базаларына «Қазақстан-Павлодар» телерадиокорпарациясы ААҚ–ы Павлодар облыстық филиалы, Павлодар облыстық радиосы, облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттері мен басқа да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын жатқызуға болады. Болашақ студенттерді т.ғ.д., профессор Қ.М. Алдабергенов,  ф.ғ.к., доцент Б.Т. Баткеева, Р.Д. Ашимбетова, Д.С. Ташимханова, Ж.И. Мананбаев, К.Н. Канапьянов.

«Қазақстан-Павлодар» телерадио-корпорациясы ААҚ-ы облыстық филиалының директоры М.А. Ибраев және т.б. даярлайды.

Кафедра М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті сияқты жоғары оқу орындармен тығыз байланыста.

Кафедра М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті сияқты жоғары оқу орындармен тығыз байланыста.

Біздің оқу орнына түсу мүмкіндігі бар талапкерлер:

- жалпы білім беретін орта мектептің ҰБТ нәтижесі бойынша немесе кешенді тестілеу қорытындысы бойынша.

Оқу мерзімі:

Күндізгі - 4 жыл.

Сырттай - орта кәсіптік білім негізінде—3 жылдан кем емес,

- жоғары кәсіптік білім негізінде—3 жылдан кем емес.

Оқуға қабылдану үшін екі пәннің қорытындысы есептеледі: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан тапсыру көзделген:

- Шығарма

- Мәтінді лингвистикалық талдау

Мамандық түлектерінің кәсіби іскерліктерін шыңдау нысандары:

- Мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы отандық, шетелдік ақпарат агенттіктері мен ақпарат қызметі;

- Отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ;

- Мемлекеттік, коммерциялық және жалпы ұйымдардағы отандық, шетелдік баспасөз қызметі;

- Қазақстан мен шетелдердегі қоғаммен байланыс құрылымдары;

- Қазақстан мен шетелдердегі саяси, әлеуметтік және маркетингттік ізденулер құрылымдары;

- жарнама агенттігі;

- жүйелі ақпарат құрылымдары;

- акция мен сауықтыру қызметінің рыногы.

 

 

Бізге оқуға келіңіз!

Әріптестік байланысқа шақырамыз!

 

Мекен жайымыз:

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ломов көшесі 64,

«Журналистика» кафедрасы. Ауд. № 536 тел.: 67 36 31 (1-245)

Қабылдау комиссиясы: тел.(8 718 2) 67 37 73; каб.132 «А»

Дайындық курстары: тел.(8 718 2) 67 36 50

 

Біздің университеттің менеджменттік сапасы біздің аймақта алғаш рет шыққан 23 қаңтар 2006 жылғы ИСО IQNet №:06.022.026 халықаралық стандарттарына сәйкес.

 


 

Certified
by Russian Register