Психология және педагогика кафедрасы

  5B050300 Психология

Бакалавриат


Құрметті талапкер! Сіздің өміріңізде маңызды кезең басталды. Алдарыңызда кәсіби мамандық таңдап алу мақсаты тұр.

Біз сіздерді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне:

5B050300 Психология бакалавры

6N0503 Психология магистрі

мамандықтар бойынша жоғары білім алуға шақырамыз. Мұнда Сіз психологиялық-педагогикалық мамандықтар бойынша іргелі білім аласыз.

5B050300 Психология мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби әрекетінің келесі түрлерін атқара алады:

- ғылыми зерттеу;

- экспертті-диагностикалық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- білім беру;

- кеңес беру.

Бұл мамандықтар бойынша жоғары білім алған түлектердің жұмыс атқара алатын салалары:

- мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, арнайы білім беру және тәрбиелеу мекемелері, колледждер, техникумдар;

- ғылыми зерттеу институттары және зерттеу орталықтары, спорттық және шығармашылық ұйымдар;

- денсаулық сақтау мекемелері, кәсіптік оқыту және кәсіптік бағдарлану орталықтары;

- құқық қорғау мекемелер мен пенитенциарлық орындар, балалар мен жасөспірімдерді реабилитациялау және әлеуметтік адаптациялау орталықтары.

Бізге түсе алады:

- ҰБТ немесе комплекстік тестілеудің нәтижелері бойынша орта жалпы білім беру мектептерінің түлектері, оқу мерзімі күндізгі бөлімі – 4 жыл;

- жоғары оқу орнының түлектері, оқу мерзімі – 3жыл, оқу түрі - сырттай.

Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Талапкер төрт пән бойынша тестілеу сынағынан өтеді: Қазақстан тарихы, математика, қазақ (орыс) тілі, биология.

Психология магистрі мамандығы бойынша:

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Оқу түрі – күндізгі.

Академиялық дәреже – магистр.


Кадрлар құрамы

Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кертаева Қалиябану Махметқызы.

Кафедрада педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Пфейфер Н.Э., Жұматаева Е.Ө., Бурдина Е.И., психология ғылымы-ның докторы, профессор Шадрин Н.С., медицина ғылымының кандидаты, профессор Булекбаева С.Е., п.ғ.к., доценттер Жұманкулова Е.Н., Ғалиева Б.Х., Исинова К.С., Семёнова М.В., Мастобаев Ю.А., Кудышева А.А., педагогика магистрлері Ксембаева С.К., Аубакирова С.Д., психология магистрлері Тулекова Г.М., Кударова Н.А., Жунусова А.Р., аға оқытушылар Казбекова М.Е., Махметова Н.К. жұмыс істейді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттердің білім алып, жоғары дәрежедегі маман болып шығуына, ғылыми ізденістеріне барлық мүмкіндіктер жасалған, яғни кітапхана, интернет-кафе, спорт залдар, «Students club» кафесі, студенттер үйі, жастардың баспасөз-орталығы т.б. бар. Ғылыми зерттеу жұмыстарында белсенділік танытқан студенттердің келешекте магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіншіліктері бар. Біздің университетте жыл сайын «Сәтбаев оқулары», «Марғұлан оқулары», «Қазақстан және әлемдік тілдер», «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» атты ғылыми-практикалық конференциялар өтеді. Конференциялар келешек жас ғалымдар үшін ғылым әлемінің бірінші баспалдағы болып табылады. Студенттер психология пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатыса алады.


Біздің университетке қош келдіңіз!


Біздің мекен-жайымыз:

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

140008 Қазақстан Республикасы,

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64,

«Психология және педагогика» кафедрасының мекен-жайы:

140008 Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, 149 каб.

Қабылдау комиссиясы: тел.67-37-73, 132А каб.

Дайындық курстары: тел.67-36-50



С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ – СІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТІҢІЗ!




 

Certified
by Russian Register