5В091000 КІТАПХАНА ІСІ

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2003 жылдан бастап кәсіби кітапханашы-библиографтарды дайындау басталды.

Мамандықтың негізгі кәсіби мағынасы ақпаратты іздестіру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану және әр түрлі әдістермен, соның ішінде, интерактивті қарым-қатынас арқылы пайдаланушыларға кеңес беру боп табылады.

Оқу түрі және мерзімі:

  • күндізгі оқу түрі - жалпы орта білім негізінде -  4 жыл
  • сырттай оқу түрі - орта кәсіби білім негізінде  -  3 жылдан кем емес
  • Магистратура  бакалавриат негізінде  - 2 жыл

Оқу  қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі

Болашақ мамандарды т.ғ.д.,профессор Қ.М.Алдабергенов   ф.ғ.к., доцент, Р.Д.Ашимбетова, Д.С.Ташимханова, Б.Т.Баткеева, аға оқытушы Бельгибаева К.К. т.б. даярлайды.  

Қабылдау тестілік жүйемен  төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

  • Қазақстан тарихы
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Математика
  • Әдебиет

Адамзат тарихында әрқашан кітапханалар ғылым мен білім шаңырағы болып табылған. Кітап-білім бұлағы, ал кітапханашылар сол шаңырақтың сақтаушысы және елге кітап арқылы  білім, мәдениет, тәлім-тәрбие, дәстүр  таратушы.

Қазіргі қоғамда ақпарат көздерін өңдеп, сақтап, насихаттау ретінде кітапханашы- библиограф мамандығы ең қажет мамандық болып табылады.

Алдыңғы буын кітапханашылардың тәжірибесін жинақтай отырып, қазір ақпараттық жұмыстың сан қырлары ашылып, толығып, жаңа автоматтық технологиялармен модернизацияланып келеді. Сондықтан да қазіргі кітапханашы - ақпаратты жеткізуші, ақпараттық ресурстардың референт-талдаушысы. Әлемдік ауқымдағы ақпаратты компьютердің көмегімен игеріп, оқырманға жеткізіп отырады.

Болашақ кітапханашылар мынандай арнайы  пәндер бойынша білім алды:

  • Информатика
  • Құжаттану
  • Ақпараттық мәдениет
  • Ақпараттық ресурстар
  • ҚАСӨ (құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу)
  • Кітапханалық менеджмент
  • Әлемдік және салалық библиография
  • Шет тілі
  • Психология және т.б.

Оқу үрдісі университеттің академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының базасында өткізіледі. Өйткені, бұл кітапхана қазіргі заманның талабына сай жоғары деңгейлі, Республикамыздың оқу орындарының белгілі әдістемелік орталығы.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің мынандай мүмкіншіліктері бар:

  • Тіл білімін тереңдедіп оқуға;
  • Ғылыми жұмыспен айналысуға;
  • Шетел мемлекеттері университеттерінде оқуға;
  • Оқуды аспирантурада жалғастыруға.

* * *

Университетті бітірген соң жас түлектер "Кітапхана ісі бакалавры" деген мамандыққа ие болып Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік үлгідегі дипломын алады.

 

Бұл мамандық бойынша қызметке орналасудың қиындықтары болмайды.

 

5В091000 мамандығы бойынша бітірген жас мамандар ақпараттық орталықтарда, консалтингтік ақпараттық фирмаларда, жарнамалық агенттікте, түрлі кітапханаларда қызмет атқаралады.

Сонымен катар, біліктілігі жоғары жас мамандар колледждерде және жоғары оқу орындарында осы мамандықтар бойынша дәріс бере алады.

 

Біздің мекен жайымыз:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64

Журналистика кафедрасы

тел. 67-36-23 (1-245), каб. № 536

Қабылдау комиссиясы:

тел. (8-7182)  67-37-73, каб 132а

Дайындық курстары:

тел. (8 – 7182) 67-36-50




 

Certified
by Russian Register