Шетел филология кафедрасы

5B021000 «Шетел филологиясы»

«Шет тілің білу - әлемдік қоғамдастыққа енудің жолдарының бірі»

1. Жалпы мәліметтер

Шетел филологиясы кафедрасы  гуманитарлық-педагогикалық факультеті қабылдауды жүзеге асырып, келесі мамандық бойынша оқытады: 

орта білім негізінде:

  • 5В021000 «Шетел филологиясы» ағылшын тілі/неміс тілі (академиялық дәрежесі –филология бакалавры)
  • Жалпы орта білім беру негізінде - 4жыл (күндізгі)

Қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу қорытындысы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

  • Ағылшын (неміс) тілі
  • Қазақстан тарихы
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Математика

Мамандық бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мемлекеттік грант бойынша және ақылы түрде оқытылады, сонымен қатар ақылы оқу барысында жеңілдіктер қарастырылады.

Мамандандыру:

1.ағылшын тілі

2. неміс тілі

2.  Түлектерді жұмысқа орналастыру:

5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: гуманитарлық бағыттағы орта салалық (гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік (училище) және орта білімнен жоғары кәсіби (колледж) оқу орындары; аудармашылар қажет мекемелер; газеттер мен журналдардың, радио мен теледидар редакциялары, баспалар; салалық ғылыми мекемелер, кітапханалар; мамандық саласы сәйкес келетін басқа объектілер.

5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

- оқыту педагогикалық;

- ұйымдастыру-басқару;

- ғылыми-зерттеу;

шет тілдерді жете менгеру негізінде іргелі лингвистикалық және әдебиеттанымдық білімнің қолданылуын қажет ететін кәсіби қызметтің басқа түрлері.

5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығы түлектерінің  кәсіби қызметі:

- орта буынды оқу орындарында соның ішінде арнайы тілін үйреніп жатқан елдердің әдебиеті мен шет тілі практикасы мен теориясын оқыту;

- газеттер мен журналдар, радио мен теледидар редакцияларында, баспалар мен басқа мүдделі мекемелерде әдеби қызметкер мен немесе аудармашы міндетін атқару.

Оқуды жалғастыру мүмкіндігі

Жоғарыда санамалған мамандық бойынша жоғары кәсіби білімнің оқу бағдарламасын ойдағыдай менгерген түлектер магистратура мен докторантурада тиісті бағыттар мен мамандық бойынша оқуын жалғастыра алады.

3. Кадрлық әлеует, ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра оқытушыларының ғылыми білімі терең. Кафедра меңгерушісі  п.ғ.қ., доцент А.Қ. Қайырбаева, оқытушылары ф.ғ.к., профессор О.Қ. Жармакин, ф.ғ.к. Г.Н. Дүкембай, доцент Ислям Қ.С., лингвистика магистрі Н.А. Оспанова, филология магистрлары Ю.О. Гафиатулина, А.Т. Манапбаева, З.В. Клюшина, К.С. Кенжигожина, Г.Ж. Балькенова.

С. Торайғыров атындағы ПМУ- біздің өңірдегі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификациясынан өткен және жоғары кәсіби білімді кадрлар дайындау бойынша білім беру қызметіне қатысты ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификатын алған тұңғыш жоғары оқу орны.


Біздің университетімізге қош келдіңіздер !

 

 

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан140008, Павлодар қ. Ломов көшесі 64, С. Торайғыров атындағы Мемлекеттік университеті

Телефондары:

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті: 67- 36- 31

Шетел филология кафедрасы: ішкі 11-33

Қабылдау комиссиясы: 67-37-73

Дайындық курстары: 67- 36- 50

 


 

Certified
by Russian Register