Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

«Шет тілің білу - әлемдік қоғамдастыққа енудің жолдарының бірі»

 

1. Жалпы мәліметтер

Шетел филология кафедрасы филология, журналистика және өнер факультеті қабылдауды жүзеге асырып, келесі мамандық бойынша оқытады:

орта білім негізінде:

5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (академиялық дәрежесі – білім бакалавры)

  • жалпы орта білім беру негізінде - 4 жыл (күндізгі)
  • орта кәсіби білім беру негізінде -  3 жылдан кем емес (күндізгі, сырттай).

5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» (академиялық дәрежесі - білім бакалавры) - күндізгі, сырттай оқыту формалары орта кәсіби білім мамандықтар тізімі бойынша жоғарға білім мамандыққа келісіледі, оқыту мерзімі 3 жыл.

Қабылдау ҰБТ және кеменді тестілеу қорытындысы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі: 

  • Ағылшын (неміс) тілі
  • Қазақстан тарихы
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Математика

Барлық мамандық бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мемлекеттік грант бойынша және ақылы түрде оқытылады, сонымен қатар ақылы оқу барысында жеңілдіктер қарастырылады.

2. Түлектерді жұмысқа орналастыру:

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»  мамандығы бойынша тлектердің кәсіби қызметінің нысандары – шетел тілдік үздіксіз және бірізді білім беретін оқу орындары болып табылады: бастауыш, негізгі және профильді мектептер; мамандандырылған мектептер; орта техникалық және мамандық саласы сәйкес келетін басқа нысандар.

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады

- білімділік  педагогикалық;

- ұйымдастыру-басқару;

- тәжірибелік - зерттеушілік;

- әлеуметтік педагогикалық.

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы түлектерінің кәсіби қызметінің пәндері мыналар:

- базалық негізгі шетел тілі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру;

- тілді арнайы мақсаттар негізінде үйретуге байланысты оқу үрдісін ұйымдастыру;

- оқу үрдісін тілді академиялық мақсаттар негізінде үйретуге байланысты ұйымдастыру;

- екінші шетел тілін оқытуға байланысты оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады.

Мамандандыру: 1.ағылшын тілі, 2. неміс тілі

Оқуды жалғастыру мүмкіндігі

Жоғарыда санамалған мамандық бойынша жоғары кєсіби білімніњ оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген түлектер магистратура мен докторантурада тиісті бағыттар мен мамандық бойынша оқуын жалғастыра алады.

3. Кадрлық әлеует, ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра оқытушыларының ғылыми білімі терең. Кафедра меңгерушісі  п.ғ.қ., доцент А.Қ. Қайырбаева, оқытушылары ф.ғ.к., профессор О.Ќ. Жармакин, ф.ғ.к., доцент Г.Н. Дүкембай, доцент Қ.С. Ислям, лингвистика магистрі Н.А. Оспанова филология магистрлары Ю.О. Гафиатулина, А.Т. Манапбаева, З.В. Клюшина, К.С. Кенжигожина, Г.Ж. Балькенова. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ- біздің өңірдегі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификациясынан өткен және жоғары кәсіби білімді кадрлар дайындау бойынша білім беру қызметіне қатысты ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификатын алған тұңғыш жоғары оқу орны.

 

 

Біздің университетімізге қош келдіңіздер!

 

 

 

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан 140008, Павлодар  қ., Ломов көшесі, 64,

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті: тел. 67 36 31

Шетел филологиясы  кафедрасы: ішкі 11-33

Қабылдау комиссиясы: тел. 67 37 73

Дайындық курстары: тел.  67 36 50


 

Certified
by Russian Register