ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«Әлеуметтану жєне саясаттану» КАФЕДРАСЫ
5B050200 «САЯСАТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы Сіздерді «САЯСАТТАНУ» мамандығы бойынша білім алуға шақырады.
Мамандық шифры 5В050200
Оқу формасы мен түрлері:
- күндізгі– 4 жыл
«саясаттану бакалавры» дәрежесі беріледі
- ғылыми магистратура – 2 жыл
«саясаттану магистрі» дәрежесі беріледі
Оқу тілі: қазақ және орыс тілінде
Саясаттану – тез дамып келе жатқан, жан - жақты ғылым, қазіргі кездегі ең болашағы зор мамандықтардың бірі.
С. Торайғыров атындағы ПМУ біздің аймақта тұңғыш рет саясаттану саласында мамандар даярлауды жүзеге асыруда.
Саясаттану бөлімінде оқу не береді? Бұл – саяси идеялар тарихы және саяси институттар, саяси философия және әлеуметтану, саясат теориясы, мемлекет және құқық, мемлекеттік басқару, халықаралық саяси қатынастар және ұйымдар, қақтығыстар және қақтығыстарды шешудің технологиясы туралы білімдер.
Бұл – саяси ғылымдар тарихы және теориясы, саяси талдау, әкімшілік саясат және құқық, келіспеушіліктер аумағындағы мамандық.
Бұл – кафедрадағы оқу – ғылыми жұмысы, мемлекеттік мекемелерде саяси талдау артықшылықтары мен лабораторияларында, саяси компания ұйымдарына тәжірибелік қатысу жұмыстары.
Бұл – ПМУ профессорлары және оқытушыларының, Қазақстанның түрлі аймақтары мен алыс шетелдерден арнайы шақырылған атақты ғалымдардың дәрістері.
Бакалавр дипломы беріледі. Түлектер магистратура және докторантурада білімін жалғастыра алады.
Мамандар мүмкіншілігі
Кафедра меңгерушісі ҚР ӘҒА академигі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Нажмединұлы Иренов.
Әлеуметтану әєне саясаттану кафедрасында 18 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 3 ғылым докторлары, 5 профессор, 7 ғылым кандидаттары, саясаттану магистрлері бар.
Саясаттану бойынша мамандар даярлауды келесі оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде Иренов Г.Н. – саясаттану ғылымдарының докторы, Акишев А.А. – саясаттану ғылымдарының докторы, Арын Р.С. – саясаттану ғылымдарының докторы, Янчук Э.Т., Зозуля Т.Н. – тарих ғылымдарының кандидаттары, Калиев И.А., Ельмуратов Г.Ж., Алтыбасарова М.А., Воронова Т.Э., Ильясов С.К. – саясаттану ғылымдарының кандидаты, саясаттану магистрлері, аға оқытушылары - Жамиева А.С., Сулекеев Д.К., Каппасова Г.М., Жусупова Г.Е. т.б.
Материалдық – техникалық базасы
Кафедраның мамандықтарының оқу процессі қазіргі заман талаптарына сай материалдық – техникалық базамен жабдықталған. Оның ішінде медиатека, компьютер сыныбы, абонементтік кітапхана қоры және оқу залдары мен дәріс пен тәжірибелік сабақтар жүргізуге арналған құралдармен жабдықталған дәрісханалар. Оқу кезінде студенттер, орта және арнайы оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы социологиялық зерттеулер орталығында, ішкі саясат департаментінде іс – тәжірибеден өтеді.
ҒІЖ (ғылыми ізденіс жұмыстары)
Кафедра халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. Бұл жұмысқа оқытушылар, магистранттар және студенттер белсенді қатысады.
Біздің ұжым республиканың басқа ЖОО-мен тығыз байланыста. Оның ішінде: ҚР ҒБМ – нің философия және саясаттану институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы АМУ, Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университеті, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бар.
Студенттерге ЖОО және республикалық олимпиадаларға, ғылыми – практикалық конференцияларға, «Саясат жәөе саясаткерлер» атты студенттер клубы, «Айконе» философиялық клубының, социологиялық үйірме жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері бар. «Сәтбаев оқулары» - аймақтық студенттер конференциясын өткізу жақсы дәстүрге айналған. Зерттеу жұмысына бейімі бар студенттер ары қарай магистратура мен докторантурада оқып, ғылыми атақ дәрежесіне ізденістер мен қорғауға мүмкіншіліктері көп.
Түлектердің жұмысқа орналасуы
«Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған түлектер мемлекеттік басқару органдарында, ғылыми – зерттеу институты мен орталықтарында, жоғарғы және орта – арнайы оқу орындарында, консалтингтік фирмаларда және халықаралық саяси компанияларға қатысу, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдарда және қозғалыстарда, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), үкіметтік емес ұйымдар жєне т.б. мүмкіндіктеріне ие болады.
Құрметті талапкерлер! Біздің міндетіміз - шақыру, таңдау құқығы өздеріңізде!
Қабылдау шарты
Студенттерді қабылдау ҰБТ нәтижесінде жүргізіледі. Тест 4 пән бойынша болады: Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілі), математика, дүниежүзі тарихы. Жинаған балының көлеміне байланысты талапкер мемлекеттік грант немесе келісім шарт негізінде оқи алады.
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"Әлеуметтану және саясаттану" кафедрасы; Каб. 517, телефон: 67-36-87, ішкі тел. 1124
Қабылдау комиссиясы: (8-7182) 67-37-73
Дайындық курстары: (8-7182) 67-36-50
Сізді «САЯСАТТАНУ» мамандығын таңдауға шақырады
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 140000,
Павлодар қаласы, Ломов к-сі, 64 Бас оқу ғимараты, №517 кабинет
Сапа менежметінің жүйесі халықаралық стандарт ИСО 9001-2000, сертификат бойынша бекітіледі IQ Net № 06.022.026 23.01.2006 нан алғаш рет біздін аймақта берілген.
|
Certified
by Russian Register |