ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Мамандық 5B020300 «Тарих»

 

ҚҰРМЕТТІ АБИТУРИЕНТ! Сіздің өміріңізге шешуші сәт туды – бұл болашақтағы кәсіби қызметіңізге жеткізер дұрыс жолды  таңдап алу.

5В020300 «Тарих» мамандығы СІЗДІ «Тарих, археология және этнология» кафедрасына ШАҚЫРАМЫЗ!

Тарих және құқық факультеті  «ТАжЭ» кафедрасы төмендегі мамандықтар  бойынша мамандар даярлайды: 5В020300 Тарих

Бізге оқуға түсе аласыз:

• жалпы білім беретін орта мектепті бітірушілер БҰТ немесе кешенді тестінің нәтижесінде.

Оқу мерзімі: күндізгі  - 4 жыл.

Оқу ҚР мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт негізінде жүргізіледі, оқу төлемі бойынша жеңілдіктер қарастырылады.

Кафедраның меңгерушісі: тарих  ғылымдарының  кандидаты, профессор Мамытова С.Н.

5B020300 – «Тарих»

Оқытудың мақсаты-деректанудың теориясы мен методологиясының негіздерін, Қазақстан тарихы бойынша деректерді, халықтар мәдениетін зерттеуге біртутас концептуальді көзқарастарды, алғашқы тұрмыстың қоғам тарихын, археологияны, этнологияны, ежелгі дүние тарихын, ортағасырлар тарихын, Қазақстан республикасының тарихын, шет елдердің тарихы мен тарихнамасын, қазіргі замандағы елдер мен халықтардың тарихын, археологиялық және этнографиялық экспедициялардағы тәжірибелік жұмыстардың дағдыларын, орта білім беру бағдарламасы бойынша оқу сабақтарын жүргізу әдістемесін, тарих кабинетін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстардың дағдыларын, оқу-тәрбиелік жағдайлардың және т.б. Талдау дағдыларын игерген түлектерді даярлайды.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері орта, орта кәсіби және жоғарғы оқу орындары, ғылыми және мемлекеттік мекемелер (ғылыми институттар, баспалар, әкімшіліктер, кітап-ханалар, мұражайлар, мұрағаттар және т.б.).

Түлектердің кәсіптік қызмет түрлері:

• білім беру

• өндірістік – басқару

• оқу-зерттеу (ғылыми-зерттеу институтының және гуманитарлық бағыттағы мекемелердегі кіші ғылыми қызметкер)

Оқу бітірген соң «тарих бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

5B020300 «Тарих» мамандығы

Аталған мамандық кепілді еңбекке орналасуға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін ұйымдастыру  және жүзеге асырумен қатар кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізеді. Кафедра оқытуышларының   70 % тарих ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дәрежелеріне ие.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар-Ертіс өңірінде этномәдени зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда баспадан шығады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына магистранттар мен студенттер белсене қатысады.

Кафедра студенттердің педагогикалық, мұражайлық және мұрағаттық басшылықты жүзеге асырады. Біздің ұжым басқа жоғарғы оқу орындары және ірі ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз қатым-қатынас жасайды: Л. Гумилев ат. ЕҰУ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. Қаз ҰПУ,. Букетов ат. Кар. ГУ, С. Аманжолов ат. ШҚМУ, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, ҚР ҰҒА Ә.Марғулан атындағы Археология институты сонымен қатар басқа да шетелдік ЖОО-дар.

 

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға мүмкіндіктері бар. «Сатпаев оқулары» - студенттік аймақтық конференциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды.

Оқу кезінде студенттер тәжірибеден өтеді:

• археолого – этнографиялық

• мұрағаттық-мұражайлық

• педагогикалық

 

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ "ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНА

ХОШ КЕЛДІҢІЗ!

Мамандық 5B020300 «Тарих»

 

Біздің мекен-жайымыз:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64

Басты оқу ғымараты 431 кабинеті

 

 

Тарих, археология және этнология кафедрасы: 67-36-77, ішкі тел. 1326

Қабылдау комиссиясы: 67-37-73, каб. 132 А

Дайындық курстары: 67-36-50

 

 

 

 


 

Certified
by Russian Register