ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ, АРХЕООГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Мамандық 5B011400 «Тарих»

 

ҚҰРМЕТТІ АБИТУРИЕНТ! Сіздің өміріңізге шешуші сәт туды – бұл болашақтағы кәсіби қызметіңізге жеткізер дұрыс жолды таңдап алу.

5B011400 «Тарих» мамандығы СІЗДІ «Тарих, археология және этнология» кафедрасына ШАҚЫРАМЫЗ Тарих және құқық факультеті

«ТАжЭ» кафедрасы төмендегі мамандық бойынша мамандарды даярлайды:

• 5B011400 Тарих

Бізге оқұға түсе аласыз:

• жалпы білдім беретін орта мектепті бітірушілер ҰБТ немесе кешенді тестінің нәтижесінде.

Оқу мерзімі: күндізгі - 4 жыл

Оқу ҚР мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт негізінде жүргізіледі, оқу төлемі бойынша жеңілдіктер қарастырылады.

Кафедраның меңгерушісі: тарих  ғылымдарының  кандидаты, профессор Мамытова С.Н.

 5B011400 – «Тарих»

Тарихшы-бакалавр даярлаудағы кәсіби білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты таңдалған ғылымдар саласында толыққанды біліммен дағдыларды алуы, практикалық қызметке дайындалуы, жеке тұлғаның барлық қабілеттерін іске асыруы болып табылады.

Түлек мамандықтың теориялық-қолданбалы мәселелерін игеру үшін қажетті негіздерін; тарихнама теориясы мен әдіснамасы, Қазақстан тарихы бойынша деректерді, қосалқы тарихи пәндерді білуі қажет.

5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша түлектер орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде және басқа да орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы және гуманитарлық циклдегі пәндерді оқыта алады, сондай-ақ мемлекеттік және мелекеттік емес мекемелерде (біліктілікті жоғарылату институттарында, баспаларда), кеңес беруші фирмаларда, оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер, т.с.с.), т.б. лауазымдық қызмет атқара алады. Түлектердің кәсіптік қызмет түрлері:

  • білім беру (педагогикалық);
  • ғылыми-зерттеу;
  • кеңесшілдік;
  • мәдени-ағарту;
  • ұйымдастыру және басқар.;

Оқу бітірген соң «тарих бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

5B011400 «Тарих» мамандығы

Аталған мамандық кепілді еңбекке орналасуға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін ұйымдастыру  және жүзеге асырумен қатар кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізеді. Кафедра оқытуышларының 70 % тарих ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дәрежелеріне ие.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар-Ертіс өңірінде этномәдени зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда баспадан шығады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына магистранттар мен студенттер белсене қатысады.

Кафедра студенттердің педагогикалық, мұражайлық және мұрағаттық басшылықты жүзеге асырады. Біздің ұжым басқа жоғары оқу орындары және ірі ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз қатым-қатынас жасайды: Л. Гумилев ат. ЕҰУ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. Қаз ҰПУ,. Букетов ат. Кар. ГУ, С. Аманжолов ат. ШҚМУ, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, ҚР ҰҒА Ә.Марғулан атындағы Археология институты сонымен қатар басқа да шетелдік ЖОО-дар.

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға мүмкіндіктері бар. «Сатпаев оқулары» - студенттік аймақтық конференциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды.

Оқу кезінде студенттер тәжірибеден өтеді:

• археологиялық

• мұрағаттық - мұражайлық

• толассыз педагогикалық

 

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

"ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНА

ХОШ КЕЛДІҢІЗ!

Мамандық 5B011400 «Тарих»

Біздің мекен-жайымыз:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64

 Басты оқу ғымараты 431 кабинеті


 

Тарих, археология және этнология кафедрасы: 67-36-77, ішкі тел. 1326

 Қабылдау комиссиясы: 67-37-73, каб. 132 А

Дайындық курстары: 67-36-50

 

 



 

Certified
by Russian Register